Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біз күзді қуанышпен қарсы аламыз!!!

Біз күзді қуанышпен қарсы аламыз!!!

07 Қазан 2014

Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күнін мерекелеуге байланысты 2014 жылдың 27 қыркүйегінде № 1 жатақахана қабырғасында таңқаларлық іс-шара – Әзіл Күні өткізілді. Бұл мерекені біздің студенттер тамаша КТК ойынымен атап өтті. Өте суық, жаңбырлы және бұлыңғыр күнге қарамастан, залдың іші жылы, жарық және көңілді болды! Өйткені әрбір ойыншыдан шыққан жағымды күш қуаты ешкімді немқұрайлы қалдырған жоқ!

Топтардың әзілдері және таланттарын бағалауға жалпы медицина және стоматология факультетінің 2 - курс декан орынбасары Д.Т. Оспановаға, студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлім басшысы Б.С.Мухамбетовке, № 1 жатақхана студенттердің өзін-өзі басқару Комитет төрағасы М.А. Дарибаевқа тапсырылды. 

Ойында барлығы 4 тур болды. Әрбір турда топтар әртістілігі мен әсерлілік және қызықты ойынмен  көрермендерді көңілдендіру болды. Олар өз кезегінде жаттығу кезінде тапқырлық көрсетіп, суырып салмалықты жақсы орындап шықты. Бұл кеш тек күлкілі әзілдер мен екпінмен ғана емес байқаулар арасындағы үзілістерде өте талантты жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті Мейрамгүл Ибадуллаеваның орындауында әнмен есте қалды.

Барлық қатысушылар жақсы жақтарын көрсетті, бірақ көрермендер мен әділ-қазылар алқасының жүректерін бірінші орынға ие болған «Шампура production» КТК тобы жаулап алды. Сонымен қатар әділ-қазылар алқасы үздік ойыншыларды атап өтті. Олар Еркебұлан Ғани, Рамиль Шимшилов, Жасұлан Мендыбаев болды!!! Біз оларды құттықтаймыз!

Күлкі өмірді ұзартатыны белгілі, осындай жылы және қызықты кездесулер көбірек болсын! 

Гүлден Тоқжұманова

№ 1 жатақахана СӨӨБК

ақпараттық секторы

0
20057

пікірлер

пікір қалдыру үшін.