Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Өзекті мәселе

Өзекті мәселе

07 Қазан 2014

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтарының Ассамблеясының ХХI сессиясында айтылған ұсынысын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдың 26 қыркүйегінде оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Вилен Борисович Молотов-Лучанский, Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Құдайберген Абайұлы Темірғалиев, оқытушылар - Е.Ж.Аубакирова, М.Е.Темірбекова, Н.А.Мингишева; шет тілдері кафедрасының оқытушысы О.Н. Сорокинаның; студенттік өзін – өзі басқару комитетінің өкілі, университетіміздің пікірталас клубының қатысушылары, Қарағанды қаласының жоо жастар ісі жөніндегі комитет өкілдерінің қатысуымен біздің университетімізде «Роль языка в создании межнационального согласия» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

  Қазақстанда ұлттық мәдениетті бірлесе дамыту және бірлесе әрекет ету тәжірибесі жасалған. ҚР Парламентінің заң шығару жұмысына қатысуға тікелей мүмкіндік алған, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – діни және мәдени өзара әрекеттестіктің бірегей институты құрылған. Қазақстан Республикасында мемлекет халқының тілдер байлығының дамуына назар аударылды және ерекше қамқорлықпен қаралды, заманауи қоғамның дамуында оның рөлі көтерілді. Қазақстан халықтарының тілі ұлт жетістігі елдің тарихи – мәдени мұрасы деп жарияланған Тәуелсіз Қазақстанда бірінші болып қабылданған «Қазақстан Республикасының тілдері туралы» (11.07.1997 жылдан) заңынан көруге болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтарына жыл сайынғы жолдауында Қазақстанның тілдерінің даму мәселесі  мәдениетті, тілдерді білуге, әрқашан білімнің өркендеуіне баса назар аударуға және үнемі бақылауында ұстауға тырысады. Президенттің Жолдауында: «Народ будет мудр в воспитании потомства, заботясь о его здоровье, образовании и мировоззрении.… Будет одинаково хорошо владеть казахским, русским и английским языками… Он будет патриотом своей страны, известным и уважаемым во всем мире» - делінген. 

  Осы туралы дөңгелек үстелдің қатысушылары сөз сөйледі. Біздің еліміздегі көптілділік мәселелері қызу пікірталас тудырды. Барлық дөңгелек үстел қатысушылары республикамыздағы бастапқы үш тілдер: орыс және ағылшын, казақ туралы пікірлерімен, ойларымен белсене бөлісті.

  «Болашақ» университетінің студенті, Сүлейменов Аян үш тілдікке қарсы ұстанымды пікірімен бөлісті. Дәрісхана көзқарасы екіге бөлінді: бір жағы Аянның ұстанымына және үш тілділікті қорғаған студенттер қазақ тілінің жоғалуына ешқандай қауіптің жоқтығын көрді. Біздің университетіміздің «Намыс» пікірталас клубының қазақ лигасының қатысушалары еліміздегі үш тілділікпен және қазақ тілінің басты рөлі туралы нақты сенімділік пікірлерімен бөлісті. Әрбір тілді жеткізушілерге өздерінің алдарына міндет қоя білу қажет: мемлекеттік тілдің дәріптелуіне жағдай жасау.

Қазтұтынуодағы  Қарағанды экономикалық университетінің студенттері және университеттің студенттік өзін – өзі басқару комитетінің студенттері осы пікірді қолдады.

Қарағанды мемлекеттік техникалық  университінен келген қонақтар Қазақстанның ойдағыдай дамуы үшін уақыт талабы бойынша үштілділік қажеттігі туралы ойларын білдірді.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушалар, үштілділіктің қажет екендігін, сонымен қатар әлемдік экономикалық қоғамда бірлесудің мүмкіндігін ағылшын тіл білімі ашатындығы туралы қорытындыға келді. Қазақ тілі туған тіл, ұлттардың бастапқы тілі, орыс тілі халықаралық араласу тілі,  ал халықаралық, іскерлік араласу ағылшын тілі. Үш тілділікті енгізу туған тілді жоғалады деген негізсіз.

Дөңгелек үстелдің қатысушалары өзекті тақырыптарға жиірек кездесулер өткізуге келісті және ойларымен алмасты.

СӨӨБК ақпараттық секторы


0
19606

пікірлер

пікір қалдыру үшін.