Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Парамедиктерді практикалық дағдылар орталығында оқыту «Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаттары»

Парамедиктерді практикалық дағдылар орталығында оқыту «Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаттары»

08 Қазан 2014

Практикалық дағдылар орталығында 15 - 17 қыркүйек аралығында  ҚР ІІМ медициналық қызметтің парамедиктеріне арналған «Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаттары» семинары өткізілді.Семинардың мақсаты - тыңдаушыларға госпитальға дейінгі кезеңдегі дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсету алгоритмдері мен дағдыларын үйрету.

Практикалық бөлімге дағдыларды істеп өтеу және шұғыл көмек көрсету бойынша клиникалық жағдайларды талдау кірді. Тыңдаушылар  балалар мен ересектерде өкпелік-жүректік реанимация және дефибрилляция өткізу қағидаларын үйренді, тыныс жолдарының өткізу қабілетін қайта қалпына келтіру және қол астында бар құралдарды қолдана отырып иммобилизация және тасымалдау өткізу әдістерімен танысты, қол-аяқ, омыртқа, көкірек, бас зақымданған кездегі дәке таңғыштарды және оралымды таңғыштарды салу техникасын, қан кетуді уақытша тоқтату әдістерін, механикалық жарақат, сонымен қатар, қатты қызып кету, салқын тию, ыстық өту, күн тию, күйік және үсік, электр қуатымен зақымдану, суға бату, шұғыл босану кезінде көмек көрсетуді үйренді және т.б.

Клиникалық сценарийдің аяғында көмек көрсетудің дұрыс алгоритмін жасау мақсатында дебрифинг өткізілді. Өздігінен әр түрлі жағдайлар кезінде көмек көрсету алгоритмдерін құрды.

  Қатысушыларға семинар дайындығының жоғары деңгейі, көрнекілігі, оқытушылардың материалды жеткізудің қолжетімділігі, сонымен қатар, практикалық дағдыларды манекендер мен тренажерлерде өтеу мүмкіндігі, клиникалық жағдайларды талдауы, қате әрекеттерді түзеу мүмкіндігі және симуляциялардың жоғары сапасы ерекше ұнады. Қатысушылардың негізгі ұсынысы осы шаралардың мүмкіндігінше жиірек және сол форматта өткізілуі болды.


0
20910

пікірлер

пікір қалдыру үшін.