Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
67 дүниежүзілік сумен және климатпен емдеу федерациясының конгресі (femteс)

67 дүниежүзілік сумен және климатпен емдеу федерациясының конгресі (femteс)

08 Қазан 2014

25-26 қыркүйек аралығында елордамызда 67 Дүиежүзілік сумен және климатпен емдеу федерациясының (FEMTEС) конгресі өтті. FEMTEC ежелгі курорттық федерациясы, көптеген мемлекеттердің тәжірибелі дәрігерлер мен ғалымдардың басын қосқан үйым. Үшжыл бұрын Қазақстан FEMTEC мүшесі болып, 2014 жылы конкурстық негізде форум өткізуіне рұқсат алды, бұл санаторлы-курорттық және медициналық туризм сұрақтарының мемлекетімізде маңызды алға қадам басуының айқын көрінісі.

Осы Конгресте ҚММУ өкілдері болғандар ҮКДФ медициналық реабилитология және спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Н.И. Шевелева, докторант Л.С. Минбаева және резидент А.А. Дубовихин.

Профессор Наиля Игоревна Шевелева Конгресс ұйымдастырушыларымен «Халықаралық Физикалық реабилитация және курорттық емдеудің ұйымдастыру халқаралық тәжірибеі»  сессиясының төрайымы ретінде шақырылды. 

250- ге жуық конгреске қатысушылар – әлемнің көптеген мемлекеттерінің  курорт басшылары, қалпына келтіру медицинасы мен курортология облыстарындағы ғалымдар мен мамандар, сондай – ақ Италиядан, Куба, Венгрия, Қытай, Жапониядан қадірлі қонақ-хабаршылары, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары, Премьер-Министрдің орынбасары Гульшара Абдықалықова құттықтады.

- «Өкілетті органның стратегиялық тапсырмаларының бірі - ҚР тұрғындарының өмір жасын 80 - нен жоғары көтеру, - деп атап өтті вице-премьер. – Ол үшін алдын алу шаралары өте маңызды: салауатты өмір салты, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану. Курорттардың, курортты және реабилитационды медицинаның дамуы, оның қолжетімділігі мен тиімділігі – тұрғындардың  денсаулығын қалыпқа келтіруінің маңызды компоненті. Қазақстанның даму стратегиясында 2050 жылға дейін ел басшысы, Қазақстан медициналық туризмнің евразиялық орталығының жетекшісі болатындығын білдірді. Конгресті өткізу біздің мемлекетімізді алға қойған мақсатымызға жетуімізді жақындататындығына сенімдімін»  деп атап өтті.

Республикамызда санаторлы - курортты және реабилитационды мекемелер саны ұлғайғандығы айтылды. Қазіргі таңда 35 реабилитациялық орталық тұрғындарына қызмет көрсетуде. Мемлекетімізде халықаралық стандартқа сай заманауи медициналық мекемелер жұмыс атқаруда. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғындарға медициналық реабилитациялы көмек көрсету стандарты жасалынды, ол балалардың реабилитациясы, балалардың неврологиялық қызметін БЦП ауыратын балаларды оңалтуды жетілдіру бойынша «жол картасы» бекітілді. Өкілетті органмен 2020 жылға дейін туристтік саланың Концепциясы бекітілген, медицина саласындағы мамандарға дайындау және оқытуға акценті жасалынған.

Қазақстанда реаблитология және санаторлы-курорттық  бағытта лайықты  орын алуға  барлық  табиғи  және тірі  ресурстар бар.

Конгресс жұмысының нәтижесінде Қазақстан реабилитологтары мен 67 Дүиежүзілік сумен және климатпен емдеу федерациясына (FEMTEС) қатысушы мемлекет өкілеттері арасында конструктивті диалог болды, олар жаңа ойлар мен әлемдік тәжірибиелерімен алмасты. Кафедра қызметкерлері шет елдік серіктестік шекараларын кеңейтіп, Италия, Германия, Кубаға резидентура бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері талқыланды. 


0
19755

пікірлер

пікір қалдыру үшін.