Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Тазалық кубогы 2014»

«Тазалық кубогы 2014»

09 Қазан 2014

Қарағанды қаласы жастарымен жұмыс орталығы, «Жасыл ел» жастар еңбек отряды Қарағанды облыстық штабымен 2014 жылдың 2 қазанында «Қарағанды қаласының Жеңіс саябағында» «Тазалық кубогы: студенттік лига» қалалық турнирі болып өтті.

Аталған турнирдің мақсаты мен міндеті:

-  «Қазақстан 2020 келешекке жол» - 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру;

-  туған қаланың (саябақтар, гүлзар, саяжол) қоғамдық орындарының экологиялық және санитарлық жағдайын жақсарту;

-  жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараға қалалық жоо және аулыдық оқу орындарының студенттері белсене қатысты. Барлығы 100- астам адам (10 команда).

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «Намыс» командасынан қатысты, құрамында болғандар: Изетов Нұрлыбек, Ибраев Батыржан, Саматов Темірлан, Сатыбаев Жандос, Зарлықова Ұлжан, Имаммәдіқызы Ақмарал, Әбдіпатта Айдана, Кеңесова Алуа, Серік Назерке, Койшыбаев Асхат.

Турнир келесі кезеңдер бойынша өтті:

1.  Эко – визитка, командалар өздерінің нақты атауларын,  девиз және формаларын көрсетті. 

2.  Экологиялық викторина. «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі», «Жасыл даму» 2010-2014 жылдарға салалық Бағдарламасы және « EXPO 2017 – Келешек қуаты» тақырыбында халықаралық көрмесі.

3.  Негізгі кезең. Анықталған территорияларды абаттандыру және тазалау (қоқыстан тазалау, ағаштарды отырғызу).

Турнирдің қорытындысы бойынша I орынды «Жандану» (ҚарМУ) командасы, және «Намыс» (ҚММУ) командасынан ауыспалы кубогын алды, экс-чемпиондар  II орын алды, ал III орын ҚарМТУ командасына бұйырды.

Турнир жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды, ал қалған командалар алғыс хаттар алды.

 «Намыс» командасының қатысушысы

Б.С.Ибраев


0
19569

пікірлер

пікір қалдыру үшін.