Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тілдер күні

Тілдер күні

09 Қазан 2014

ҚР Президентінің Бұйрығымен  1988 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан халықтарының тілдері күні мереке болып жарияланды, содан бері барлық қазақстандықтар үшін ортақ мереке болып аталып жүр. Осы мерекенің идеясы, әр тіл – бұл барлық адамзаттың рухани мұрасы және әрбір мәдениет – бұл әлемдік жаңаруға баға жетпес қазына.

  Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығы туған тілде сөйлейді. Және оларды туыстық және өзара көмек жалғайды, біздің айырмашылықтарымызға қарамастан, әрқайсысының тілдерінің өз тарихы, өз тағдыры бар, басқа тілдердің тағдырымен байланысты біз бір жанұя болып табыламыз.

  Қазақстан халықтарының тілдері күнінің аясында ҚР  IIМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарғанды академиясында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттік көркемөнерпаздар ұжымы дайындаған мерекелік концерт болып өтті. Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған мерекелік жиынды «Конферансье»  үйірмесінің жүргізушілері Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 5-005 топ студенті Кабдушева Айжан және  Жалпы медицина факультетінің  3-013 топ студенті Онбай Саламат ашты. Осыдан кейін ҚР  IIМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қазақ тілі және ақпарат бөлімінің басшысы Төлеубаева Назым Шалғымбайқызы және тілді даярлау аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Әбуталиева Айнұр Абдіманапқызы құттықтау сөзімен сөз сөйледі.

  Концерттік бағдарламаны Республикалық, облыстық, қалалық конкурстарының лауреаты, «Жастар Жұлдыздары» фестивалінің жеңімпазы «Қаракөз» шығыс билері халық ансамблі «Махаббат Сыры» және «Ни кола,ни двора…» билерімен; «Golden Step» би ұжымының солисті Хасанова Альмира шықты; ал шоу-балет «Этюд» «The memory of Michael Jackson» биін көрсетті.

  Біздің мұғалімдер де шетте қалмады, жалпы гигиена және экология кафедрасынан Бауыржан Мадиев саксофонда жалынды солоны үздік орындады.

  Өз тілінің және елінің нағыз патриоттары болып табылатын балалар, «Жыр Жауһар» ақындық клубының студенттерінің «Мен Қазақпын» композициясы көрермендердің назарын аударды. Сонымен ҚММУ әншілері Бекмурзаева Диана, Хусаинова Анастасия «Comment vivre sans toi» әнімен және «Атамекен» әнімен Жанаяпова Гүлденнің орындауындағы әндері есте қалды. Концерттік бағдарламаны салтанатты түрде Байназар Нұрлайым «Тәуелсіз қазақ елі» әнімен аяқтады.

  Тілдік саясат және оның елде таралуы, бұл елде тұратын, халықтарының өзара достығы және қоғамның жалпы әр мүшесінің адами мәдениетіне байланысты.

Кабдушева Айжан 5-005 ҚДС, Скендирова Азима 3-085 ЖМ


0
19911

пікірлер

пікір қалдыру үшін.