Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Онкогематологиядағы инновациялық технологиялар» конференциясында

«Онкогематологиядағы инновациялық технологиялар» конференциясында

17 Қазан 2014

2014 жылдың 2-3 – қазаныкүні Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде онкология және гематология бойынша жетекші отандық және шетелдік мамандардың: Prof. Dr. Ульрих Биц (Германия), Prof. Dr. Петер Рейхарт (Германия), Prof. Dr. Штейнмюллер (Германия), Dr. Бритта Вольфарф, (Германия), Prof. Dr. Грант(Германия), Dr. Врук (Германия), Р. Боранбаева (Алматы), Г. Жиенкулова (Қарағанды), Д. Нургалиев (Астана), А. Зинченко (Астана), М. Тусупбекова (Қарағанды), М. Жумакаев (Қарағанды), В. Сирота (Қарағанды), И. Омарова (Қарағанды), Л. Тургунова (Қарағанды), И. Азизов (Қарағанды), В. Кулишов (Қарағанды) және т.б. қатысуымен «Онкогематологиядағы инновациялық технологиялар» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция аясында ересектер және балалардағы онкогематологиялық ауруларды емдеу мен диагностиканың өзекті мәселелері, сүйек кемігінің трансплантациясы, химиотерапия жүргізу кезіндегі қосымша терапия сұрақтары талқыланды. Қазақстан Республикасындағы балаларға онкогематологиялық көмек ұйымдастыруына және жетістіктеріне, ұйқы безі, өкпе, сүт безінің обыры, колоректалды обырды емдеу тәсілдері, миелодиспластикалық синдром, ходжкинсті және ходжкинсті емес лимфомаларды заманауи жүргізуге ерекше көңіл бөлінді.

Конференция барысында делегаттар мен интерндерде Қазақстан мен Германиядан келген өзінің әріптесттерімен араласу мүмкіндіктері болды. Онкогематологияның маңызды мәселелері талқыланды және одан әрі қарай серіктестіктің келешегі көрсетілді.


0
19433

пікірлер

пікір қалдыру үшін.