Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ қабырғасында мұғалімдер күні мен қарттар күні

ҚММУ қабырғасында мұғалімдер күні мен қарттар күні

21 Қазан 2014

«Мұғалімдер күнін» мерекелеу аясында университет қабырғасында университетінің профессорлық-оқытушылар құрамының ардагерлерін құттықтауға арналған концерт өтті.

  Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры В.Б.Молотов-Лучанский сөз сөйледі.  Вилен Борисович құрылысшы-ардаргерлерге құрметін білдіріп, университеттік жоғары беделі оның негізін қалаушылардың көп еңбегінің жемісі екенін атап өтті. «ҚММУ қызметкерлері мен студенттерінің тәуелсіз кәсіподақ» БҰ төрағасы Н.Н. Наурызов еңбегі сіңген оқутышыларға қаражаттай сыйлық беріп, жылы сөздерін жалғастырды.

  Мерекелік концертті дәстүрлі халықтық шығыс билер «Қаракөз» ансамблінің қыздары «Қыз сезімі» композициясымен ашты. Домбыра оркестрінің аранжировкасында «Адай» күйінің әсем сазы, сәнді қимылдары көрермендер залында қайталанбас көркемдікпен жанасу атмосферасын құрды.

    Студенттік поэтикалық авторлық клуб мүшелері қатысушыларды өздері шығарған өлеңдерді оқып құттықтады.

  Қазіргі концерттің ерекшілігі тек студенттердің ғана емес оқытушылардың қатысуы болды. Көрермендер жалпы гигиена, экология және тамақтану гигиенасы кафедрасының өкілдері Алма Жакаеваның «Друзья» өлеңін мен «Үріп ойнау және соқпалы музыкалық аспаптар»  республикалық орындаушылар лауреаты  Бауыржан Мадиевтің «Танымал өлеңдер попурри» композициясын көрермендер жылы ниетпен қабыл алды. Юрий Фоменко мен Екатерина Майборда орындауында «Вальс», «Жастар жұлдыздары» фестивалінің лауреаты Айдар Төлеевтің «Ана, сен бақыттысың» әнін жанды қарсы алды. Қуатты финалдық аккорд болып Гүлден Жанаяпова мен Нұрлыайым Байназардың орындауындағы «Ұстаз ана» композициясы табылды. 

  Концерт аяғында көрермендер жақсы көңіл-күй сыйлаған барлық қатысушыларды кол соғып алғыс білдірді.

 

Темірлан Саматов

Университет өзін-өзі басқару Комитеті


0
18895

пікірлер

пікір қалдыру үшін.