Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Тіл – достықтың тірегі» атты облыстық жастар форумы.

«Тіл – достықтың тірегі» атты облыстық жастар форумы.

21 Қазан 2014

Тіл – бұл адамдармен қарым – қатынас жасаудағы маңызды құрал. Қоғамдық өмірдің барлық тараптары, адамның барлық танымдық процесстері мен шығармашылық қызметтері, оның санасының әр мезеті тілмен қатар жүреді. Әр мемлекеттің өз мемлекеттік тілі бар. Біздің еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тіл. Біздің елбасымыз – Н.Ә.Назарбаевтың айтуы бойынша, әр қазақстандық мемлекеттік тілді білуі тиіс және біздің басты міндетіміз қазақ тілін барлық салада белсенді қолданып, дамыту болып табылады.  Форумның басты мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілінің деңгейін көтеру мен қолдану аясын кеңейту, тілге деген патриоттық сезімді дамыту, әр түрлі қалалық және облыстық іс – шараларға жастарды тарту болып табылады. Форумның ұранына ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың : «Қазақстанның болашағы – қазақ тілде» атты сөздері негіз болды.

Форум тілдерді дамыту бойынша облыс басқармасының төрағасы Хамит Омаровтың құттықтау сөзімен ашылды және ол қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, іс – шараға «Балдырған» бала бақшасы, № 53 мектеп – лицейі, «Достық» және «Аққу» би ансамблдері, экономикалық колледждің студенті Елена Комлева қатысты. Форумда ерекше көзге түскен көріністердің бірі Тәттімбет атындағы колледж студенттерінің поппури орындауы болды. Қорытынды сөзді бірнеше республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенті Константин Смолин сөйледі. Форумның барлық қатысушыларына алғыс хаттар табысталды.

Біз жастар – Қазақстанның болашағы, әр қазақстандықты мемлекеттік тілдің деңгейін көтеруге, дамуына өз үлестерін қосуға шақырамыз.

1-003 МПД Хабит Асель,  профилактикалық медицина,

биология және фармация факультетінің 

СӨӨБК ақпарат секторының мүшесі

0
19380

пікірлер

пікір қалдыру үшін.