Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Германиядағы академиялық ұткырлық.

Германиядағы академиялық ұткырлық.

21 Қазан 2014

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығында білім алатын VІІ курс студенттері 2014 жылдын 1–30 қыркүйек аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Германияның Франкфурт (Одер) қаласының клиникасында білім алып келді. Оқу үрдісі барысында біз онкологиялық аурулар диагностикасы және емдеу алгоритмдерін, ұтымды химиотерапия негіздерін үйрендік, онкологиялық ауруларды анықтауға қажетті тәжрибелік дағдыларды меңгердік.

Оқу барысында Германияның емханалық және ауруханалық көмек көрсетуді ұйымдастыру, онкологиялық ауруларды жүргізу қағидаларымен таныстық. Оқу үрдісінде меңгерген тәжрибелік дағдыларды тәжрибеде үздік қолдана алдық.

Біздің университет ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға шын жүректен  алғысымызды білдіреміз. Себебі академиялық ұтқырлық бағдарламасы шет мемлекеттермен білім және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар профессор Ульрих Битц және Франкфурт (Одер) клиникасының әріптестеріне ауруханада жұмыс жасау барысында берген білімдері және жетік меңгерген  тәжрибелік дағдылар үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Касымова Жайна, Наурызбаева Айдана, Цой Любовь

Жалпы медицина мамандығы 7 курс студенттері


0
19710

пікірлер

пікір қалдыру үшін.