Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа маусымда алғашқы жеңіс.

Жаңа маусымда алғашқы жеңіс.

22 Қазан 2014

ҚММУ волейбол құрамасы жаңа маусымды сенімділікпен бастады. «Союз ВИВАКО» ҚҰ-мен бірлесе Дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырған және Кеңесәскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 25жыл толуына арналған дәстүрлі турнирде біздің командамыз сенімді және қызықты ойын көрсетті. Турнир алты команданың қатысуымен волейбол бойынша қарағандылық студенттіктің барлығын жинады: ҚарМУ, ҚарМТУ, ІІД академиясы, КҚЭУ, «Фемида» ЗА және ҚММУ. Осындай қатысушылар құрамы барлық ойындар эмоциялы және жеткілікті түрде қызықты өтуіне себептерін тигізді. Аралас белгілері бойынша команданы құруға тура келді. (4 ер бала + 2 қыз бала). Әр команданың қыздары турнир ойынына өздерінің сүйкімділіктерімен және нәзіктіліктерімен жарыстың қызығушылығын арттырды. Волейбол жарысының қорытындысы, біздің волейбол жасағымыз ҚарМУ – не  қарсы матчты 2:1 қорытынды есебімен жеңіске жетті (капитан Олжас Жандарбеков). Финалға дейін тартыста жеңіс көпке дейін ауысып отырды, және тек соңына қарай жоғары медиктар классы басым түсті.

  Қорытынды: ҚММУ – I орын, ҚарМУ - II орын, ал III орында – ҚарМТУ волейболшылары.

  Команданың барлық ойыншы – жеңімпаздары грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы  Л.А.Кучина.


0
18765

пікірлер

пікір қалдыру үшін.