Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бағдарлану аптасы

Бағдарлану аптасы

10 Қараша 2014

27 қазанында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қабырғасында  Саран қ. № 1 ОБМ 10-11 сыныптардың оқушыларына «Бағдарлану аптасы» экскурсиясы ұйымдастырылды. Сынып жетекшілерімен ере жүріп балалар өз көздерімен барлық дәрігерлердің «Отанын» көріп және студенттер қатарында бола алды.

Қызыққандардың саны көп, 40 адам болғандықтан, оларды 2 топқа бөлуге тура келді. Бірінші топ оқушыларын анатомия кафедрасының анатомиялық мұражайында оқытушылар кафедра тарихымен,  экспонаттар және организмнің толық құрылысымен таныстырды. Екінші топ студенттердің өзін-өзі басқару комитетінің ғылыми секторының жетекшісімен бірге университеттің құрылу тарихымен танысып, медицинаға өзінің рухтарын салған аңыз тұлғалар туралы әңгімелерді, университет мүмкіндіктері жайлы естіп, ҚММУ 1 корпусына экскурсияға аттанды. Балалар осында ең мәртебелі кәсіптің үздік мамандарын дайындайтынынана өздері көз жеткізді. Қонақтар әрбір кафедраның тарихы және жұмысымен таныстырылды. Ерекше назарды қандай да болсын сұрақта студенттерді дұрыс шешім қабылдауға бағыттайтын оқытушылардың бақылауымен студенттер өздерінің тәжірибелік әдеттерін қолданыла алатын  тәжірибелік әдеттер орталығына түсті. Студенттердің ерекше мақтаныш орны «Көшбасшы студенттер», «Ерекше шәкіртақы иегерлері» және «Ғылыми дарындар» стендтері болып табылады. 

Сонымен қатар оқушылар университет факультеттері және мамандықтары туралы толық ақпарат алды.

Экскурсия аяқталғаннан кейін топтар экскурсияны ұйымдастырғандары үшін студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі мен кафедралардың құрылымымен және жұмысымен таныстырған оқытушыларға алғыс білдірді. Толығымен, оқушылардың болашақ мамандыққа қызығушылығына көңіл аудара отырып, біздің жастар білім алуға, өз халқына және еліне игілік әкелуге құлшынатынын сенушілікпен айтуға болады.

Саматов Темірлан

Университет студенттердің өзін-өзі басқару комитеті

0
18568

пікірлер

пікір қалдыру үшін.