Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"The Halloween Party" КММУ медициналық колледжінде

"The Halloween Party" КММУ медициналық колледжінде

10 Қараша 2014

Қазан айының соңында ҚММУ медициналық колледжінде «Ағылшын тілі» пәнінің оқытушылары И.С. Ким және А.Б. Нупилова «Halloween» мерекесіне арналған сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларын ұйымдастырып, өткізді.

Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты студенттердің ағылшын тіліне қызығушылық таныту және ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің мәдениетімен, дәстүрлерімен таныстыру.

Қазанның 30-нда №4 жатақханада тұратын студенттер белсенділік көрсетіп, мерекеге жақсылап дайындалған. Қатысушылардың костюмдері, жасаған гримдері, мінез-құлықтарының арқасында келген қонақтар мен байқаушылардың көңіл-күйлері жақсы болды.

Мерекелік іс-шараның жүргізушілері мен өткізілуіне жауаптылары – Шамилова Зарина.

Көрсетілім кезіңде қатысушылар түрлі конкурстар арқылы Мистер мен Мисс Хэллоуин анықтады. Олар Гремякова Татьяна мен Хайруллин Александр. Жеңімпаздар құрмет мадақтамаларымен марапатталды.

31 казанда колледжде өткізілген іс-шараға жауапты болған 202 КЛД және 101 КОМ топтары конкурстары бар бағдарлама ұйымдастырды.

Байқаудың нәтижесі бойынша келесі топтар марапатталды:

-  «Қанішерлер» тобы -Iорын.

-  «Зомби» тобы -IIорын

-  «Дракуланың қалыңдықтары» тобы – III орын

Сонымен қатар оқушылар үздік костюмдері, гримдері мен үздік плакаттары үшін құрмет мадақтамаларымен марапатталды


0
18771

пікірлер

пікір қалдыру үшін.