Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қоршаған орта үшін жас репортерлер» бағдарламасы бойынша «Қоқысты азайту» атты халықаралық экологиялық семинар

«Қоршаған орта үшін жас репортерлер» бағдарламасы бойынша «Қоқысты азайту» атты халықаралық экологиялық семинар

11 Қараша 2014

Порутгалия мемлекетінің Кашкайш қаласында қазанның 30-ы мен 3 қараша аралығында «Қоршаған орта үшін жас репортерлер» бағдарламасы бойынша «Қоқысты азайту» атты халықаралық экологиялық семинары болып өтті. Аталған семинарға 9 мемлекет қатысты: Германия, Латвия, Түркия, Словакия, Македония, Канада, Қазақстан, Израиль және Италия. Біздің университетті профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің мейірбике мамандығының бірінші курс студенті Ирина Гаврилова таныстырды.

Қатысушыларға репортерлік іс негіздерін үйретті, онымен коймай әртүрдегі экскурсиялар жүргізілді, басқа мемлекеттердің мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстырды. Семирнардың соңғы күні Португалияның жергілікті өсімдіктеріне зиян келтіруші арам шөпті жинастыруға бағытталған акция жүргізілді. Өткізілген семинардың арқасында қатысушылар үлкен білім алды. Семинардың барлық қатысушыларына құрметті грамоталар тапсырылды.

Хабит Асель проф.медицина,

биология және фармация факультетінің

ақпараттық секторы.


0
18757

пікірлер

пікір қалдыру үшін.