Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жатақханалардағы чемпионат.

Жатақханалардағы чемпионат.

19 Қараша 2014

  2014 жылдың көктемінде ҚММУ спорт клубы барлығы сүйіп ойнайтын ойнайтын, университет студенттерінің басын біріктіре алатын футбол бойынша турнирді құруды шешті. Университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі іс-шараларға шағын-футбол бойынша жатақханалар арасында  жаңа жарыстар қосылды. Көптеген белсенді, дені сау, жарқын жастарды жинақтап және оларды тиімді және қажетті іспен біріктіре алған іс-шара ретінде, әр жеңіс сайын чемпионаттың дәрежесі өсуде. ҚММУ спорт клубының басшысы Ф.А. Батиров: «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жатақханалар арасында достықты нығайту және футбол бойынша университеттің құрама командасын жинақтау үшін турнирлерді өткізу қажет» - екендігін айтты. Міне, екінші жыл қатарынан біздің студенттеріміздің спорттық өмірі футболмен басталуда.

  Көктемгіден күзгі чемпионаттың айырмашылығы ашықтығында: қызықты турнир туралы естіген Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттік командалары қатысушылар қатарына қосылуға үміттерін білдірді. Осындай кейіпте ҚММУ екінші чемпионатында алты команда қатысады: № 1

3, 6 және 7 жатақханалар құрамасы, жалға алушы студенттер құрамасы («Пәтершілер»), сонымен қатар ҚарМУ командасы.

  Ойналған екі турдан кейінгі турнир кестесі келесідей:

  Командалар

  И

  В

  Н

  П

  Доптар

Балдар

1.

  Пәтершілер

  2

  2

  0

  0

18 - 8

  6

2.

  № 7 жатақхана

  2

  1

  0

  1

23 - 11

  3

3.

  № 6 жатақхана

  2

  1

  0

  1

19 - 12

  3

4.

  № 1 жатақхана

  2

  1

  0

  1

  9 - 16

  3

5.

  № 3 жатақхана

  2

  0

  1

  1

18 - 27

  1

6.

  ҚарМУ

  2

  0

  1

  1

17 - 30

  1

Чемпионат ойындары сенбі және жексенбі күндері сағ. 1000 –ден сағ. 1400 -ге  дейін № 2 (Ерубаев к. 32) спорт залында өтеді. Жанкүйерлерді, сонмен қатар турнирге қатысуға тілек білдіруші командаларды шақырамыз. Келіңіздер!

ҚММУ спорт клубы


0
18003

пікірлер

пікір қалдыру үшін.