Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Никотинге тыйым.

Никотинге тыйым.

19 Қараша 2014

Халықаралық темекі шегумен күрес күніне арналған айлық шеберінде 14 қарашада Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Жастар – темекі шегуге қарсы» тақырыбында пікірталас турнирі өткізілді.

Мемлекет жыл сайын халық арасында никотинге тәуелділіктің зияндығын түсіндіру іс-шарасын өткізуге қомақты соманы бөледі. Осы зиянды әдеттерден арылу жаңа әдістері жетілдірілуде. Халықаралық темекі шегумен күрес күнін өткізу мақсатының бірі темекіні жарнамалауға тыйым салатын заңдарды насихаттау болып табылады. Сонымен қатар қоғамдық орындарда шылым шегуге қарсы күрес шараларын күшейту, темекіден жасалған бұйымдар бағасын ұлғайту, толықтай іс-шаралар кешенін дамыту, темекіні қолдануды азайту ұсынылады. 

Пікірталас туриріне университетімізден 19 команда қатысты. Турнирдің негізгі форматы болып Қазақстанда пікірталас қатысушылары арасында кеңінен таралған АПФ (американдық парламетінің форматы) және ЛД (Линкольн-Дуглас) таңдап алынды. Өткізу ресми тілі: қазақ.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «Намыс» пікірталас клубы мүшелері қатысты: Есенбай Әсем және Асқаров Әділет («Әлем» фракциясы), Аманбаев Оразбек мен Айтбай Бақберген («Ел тірегі» фракциясы), Машрапов Нұртай және Татай Бақдаулет ( «Алаш» фракциясы), Жанәділ Айжан және Ақназарова Жадыра ( «Сенім» фракциясы), Қойшын Мөлдір және Әбдіраш Ақмарал ( «Аманат» фракциясы), Темірбек Сымбат және Рахматтула Айткүл ( «Болашақ» фракциясы), сонымен қатар «Жас қазақ» және «Жан нұр» фракциялары.

Өзекті тақырыпқа жасалған қызу пікірталас және жарыссөзден кейін, құзіретті төршілер турнирдің қорытындысын шығарды: төреші ұжымының бірауыз шешімімен бірінші орынды «Болашақ» фракциясы, екінші орынды «Әлем» фракциясы және үшінші орынды «Аманат» фракциясы жеңіп алды.

Төреші үздік номинацияларға: Изетов Нұрлыбек, Маликайдар Айжан, Зарлықов Ұлжан, Дүйсенбек Ақмарал, Мырзагелді Зейнұр және Сейдалы Ерзатты лайықты деп тапты. «Үздік спикер» номинациясының жеңімпаздары: Абдипатта Айдана, Ескермес Жансая және Спан Нұргүл.

Дебат турнирінің жеңімпаздары дипломдармен, ал командалар белсене қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.


  З.М. Мырзагелді 

  «Намыс» пікір талас клубының  IT-редакторы


0
18985

пікірлер

пікір қалдыру үшін.