Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗ ҚАНДАЙ? ОЙЫН!

БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗ ҚАНДАЙ? ОЙЫН!

19 Қараша 2014

Интеллектуалды ойын барысында әйгілі «Не? Қайда? Қашан?» телебағдарламасының ұраны Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің намысын қорғаған «66.kz» командасының да ұранына айналды. Командамыздың құрамында 2-075 және 2-083 топ студенттері: Бирюкова Мария, Диннер Екатерина, Кузнецов Георгий, Слугин Александр, Спиридонова Алёна  және Кусаинова Фатима бар. Команда екі жылдан бері, кейбір балалар – тіпті мектептен бастап ойнайды.

«Не? Қайда? Қашан?» бұл не? Бұл қызықты интеллектуалды ойын, оны жақсы көрмеуге болмайды, ақылды және қиын сұрақтар жауабының әлеміне қызықты тамаша сапар шегу.

Спорттық ойын түрі белгілі телебағдарламадан ерекшеленеді – мұнда ешқандай әйгілі ұршық жоқ, гогсыз, смокингсіз, ешқандай үкісіз – командалар бір мезгілде сұрақтарды талқылайды, бланктарға жауаптарды жазады және содан кейін қорытындыны есептейді. Алты блімпаз әртүрлі шытырман сұрақтарға жауап береді, кейде талас туады, бірақ барлығы шұғыл бір шешімге келеді.  Клубтың өзіндік дәстүріне (грамоталарды, дипломдарды және сыйлықтарды тапсырудан бөлек) ойын соңында жеңімпазға міндетті түрде тортты тарту ету қалыптасқан.

«Не? Қайда? Қашан?» Қарағанды клубы: осы жарыстың ұйымдастырушысы болып табылатын «Шахтер» ҚМКК-ында орналасқан, ВКонтактеде (https://vk.com/chgkkar) өзінің тобы бар, онда әркім ойынға қатысу ережесімен танысады.

Қисынын жоғалтпаған қиын сұрақтар, жүйелі жауаптар және шексіз қызығушылық – бұның барлығы көңілді аудартпай қоймайды. Клубтың жетекшісі және идеямен шабыттандырушы Литвинас Алексей болып табылады. Қаламыздағы «Не? Қайда? Қашан?» ойынының бастауында тұрған адам, ол алғашқы күнінен бастап ойынға қатысқан, Қарағанды қ. жоғары лигасының ойыншысы, міндетті түрде республикалық турнирлардің қатысушысы. Одан біз мәдениеттілікті, сабырлықты, табандылықты, өзін ұстай білу мәдениетін, дикцияны және т.б. үйренеміз.

Соңғы жылдары «66.kz» командасы жақсы жетістіктерге қол жеткізді:

• Әуесеқой – командалар арасында Қарағанды Чемпионатының «Брейн-рингі» бойынша 1- орын 

• «Не? Қайда? Қашан?» әуесқой лигалардың II кезеңінде 1- орын;

• «Не? Қайда? Қашан?» әуесқой лигалардың III кезеңінде 3 - орын;

• «Не? Қайда? Қашан?» әуесеқой – командалар арасында Қарағанды Чемпионатында 2- орын;

• «Не? Қайда? Қашан?» әуесқой лигалардың IV кезеңінде 3- орын.

«Не? Қайда? Қашан?» клубына қатысу бізге ҚММУ-да оқуға көмегін тигізеді, сонымен қатар дәрігер жағдайдың өзгеруіне байланысты әрекет ете білуі тиіс, жауапты шешім қабылдап, диагнозды және емдеу шарасын дұрыс қоя білуі қажет. Сондықтан біз ойнай отырып үйренеміз.

Спиридонова Алёна 

2-075 ЖМ


0
18534

пікірлер

пікір қалдыру үшін.