Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жастар – Қазақстан болашағы!

Жастар – Қазақстан болашағы!

20 Қараша 2014

14 қарашада «Жастар – Қазақстан болашағы» аймақтық студенттер фестивалі аясында академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Студенттерінің мәдениет сарайында «Қарағанды облысындағы ЖОО студенттердің өзін-өзі басқару органдарының даму болашағы»  тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Халықаралық студенттер күнін мерекелеуге арналған. Дөңгелек үстел ұйымдастырушы ҚарМУ жастар ісі жөніндегі комитеті болып табылады.

Дөңгелек үстел қатысушылары Қарағанды жоо-ның студенттік жастарының белсенділері, оқу ұйымдарының жастар ісі жөніндегі комитет өкілдері, МЕҰ болды. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің атынан студентермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшы орынбасары Ф.А. Батиров, университет студенттерінің өзін-өзі басқару комитетінің өкілдері Меруерт Зиятдинова (2-005 ЖМ тобы), Игорь Фисенко (2-074 ЖМ тобы), Диана Кистаубаева (2-074 ЖМ тобы), Сымбат Парманқұлова (2-047 ЖМ тобы), Ақерке Дәрмен (2-011 ЖМ тобы) шықты.

«Университеттегі студенттердің өзін-өзі басқару органдарының даму болашағы» тақрыбына баяндамамен жалпы медицина және стоматология факультетінің 3-курс студенті Азами Расулова сөйледі.

Барлық қатысушылар белсенді қатысқаны үшін құрмет грамоталарымен марапатталды.

Азами Расулова

3- 083 ЖМ тобының студенті


0
18653

пікірлер

пікір қалдыру үшін.