Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеу» атты конференция

«Әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеу» атты конференция

24 Қараша 2014

21.11.2014 ж. Қарағанды экономикалық университетінде «Әлеуметтік -еңбектік қатынастарды реттеу» атты конференция өтті. Біз, Қоғамдық денсаулық сақтау  мамандығының 3-005  және  3-006 топ студенттері, Республиканың беделді  тұлғаларымен, атап айтсақ: «Самрұқ қазына» әлеуметтік әріптестік орталығының басшысы Н.К.Еримбетов, Еуразия университетінің профессоры, заң ғылымының докторы Е.Н. Нургалиева сияқты құрметті тұлғалармен кездесуге мүмкіндік бергені үшін біздің университтің басшылығына алғысымызды білдіреміз.

Конференцияда кәсіподақ ұжымдарының жұмысы жөніндегі сұрақтар, жастарды тәрбиелеу сұрақтары, еңбек кодексі жөніндегі сұрақтар, модераторлар қызметін қалыптастыру сұрақтары қарастырылды. Біз модераторлар деген кім екенін білдік - бұл адамдар әртүрлі шиеленістер кезінде келіссөз жүргізетін адамдар. Сонымен қатар, өндірісте туындайтын жан-жалдарды, дінге қатысты жан-жалдарды және т.б. себептерден туындайтын шиленістерді қалай ретке келтіруге болатыны жөніндегі сұрақтар талқыланды. Осы кездесудің арқасында біз көптеген қызық  нәрселерді білдік. Болашақта осындай жастармен кездесулер үнемі болып тұрады деп үміттенеміз.

Таласов Султан 3-005 топ жетекшісі

Акимбекова Нургуль 3-006 топ жетекшісі


0
18992

пікірлер

пікір қалдыру үшін.