Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
“See into the future. ХХІ ғасырдағы дағдылар, кәсіпкерлік және жұмысқа орналасу”, 18-19 қараша 2014 жылы

“See into the future. ХХІ ғасырдағы дағдылар, кәсіпкерлік және жұмысқа орналасу”, 18-19 қараша 2014 жылы

24 Қараша 2014

2014 жылдың 18-19 қарашасында Назарбаев университетінде “See into the future. ХХІ ғасырдағы дағдылар, кәсіпкерлік және жұмысқа орналасу” атты конференция өтті. Бұл конференция Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық  20 жылдығына арналған.

Сарапшылар тобы келесі сұрақтарды талқылады:

·  Білім беру мекемелері мен жұмыс берушілердің өзара әрекеттестікті қалайша жақсартуға болады?

·  Жастардың мамандықты дұрыс таңдауына қалай көмектесуге болады?

·  Кәсіпорындар жастардың қажетті дағдыларды меңгергендігіне қалайша сенімді болады?

·  Жастарды болашақта жұмысқа орналасуға жақсырақ дайындау үшін оқыту мен білім беруде қандай өзгерустер енгізілуі қажет?

Сессияда Британиядағы университеттер мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастық пен байланыстардың өсуіне әсер ететін стратегиялар мен бастамалар бағыттарына шолу жасалады, әңгіме Британиядағы университеттер мен бизнеске арналған ұлттық орталықтың үлесі туралы, сондай-ақ Британиядағы және онан тыс жерлерде байланыстарды нығайту үшін технологиялардың маңызды рөлі туралы болады.

Кемелова Гульшат,

Медициналық  білім беру Бөліміның Бастығы


0
19223

пікірлер

пікір қалдыру үшін.