Үздік бірінші курс студенті – 2014
Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Қарағанды мемлекеттік медицина униерситетінде «Бірінші курс зияткері - 2014» сайысы өткізілді. Сайыстың ұйымдастырушылары студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшылығымен «Конферансье» көркем өнерпаздар ұйымының мүшелері.
Сайысқа қатысқандар: Айман Бидайшиева (1-061 ЖМ), Бектур Узен уулу (1-069 ЖМ), Нұртолқын Төлеген (1-012 ЖМ), Ақбота Бақыт (1-012 ЖМ), Валерия Алексеева (1-002 ТФП), Жандос Сатыбаев (1-002 МПІ). Сайыскерлер Қазақстан тарихынан, Қазақстан Республикасы Президентінің өмірбаянынан өз білімдерін, ойлау қабілеттіліктерін, зеректілігін, сонымен қатар мемлекеттік және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтіндігін көрсетті.
Сайыстың жүргізушілері - Азами
Расулова (3-083 ЖМ), Айдын Тельманов (1-011 ЖМ), Айганым Алимбекова (3-091 ЖМ)
болды. Сайысты ұйымдастыруға Кабдушева Айжан (5-005 ҚДС), Югай Анастасия (2-077
ЖМ), Калимулинна Эльза (1-072 ЖМ) белсене қатысты.
Сайыстың әділ-қазылары Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының оқытушылары: И.И. Милаева, А.А. Баймамыров және Т.В. Мустафина болды. Сайыс «Визитка», «Сұрақ-жауап», «Story» (баяндамаларды қорғау), «Интеллектуалды тур» атты 4 кезеңнен тұрды.
Сайыс қорытындысы бойынша, 1-орынға Бектур Узен уулу (1-069 ЖМ) ие болды. 2-орынға Валерия Алексеева (1-002 ТФП) тұрақтаса, 3-орынды Айман Бидайшиева (1-061 ЖМ) иеленді.
Барлық қатысушылар және сайыста жеңімпаз атанғандар мақтау қағаздары мен алғыс хаттарымен марапатталды. Сайысқа қатысушыларға зор денсаулық, оқуда табыс және жеңіс тілейміз.
Алимбекова Айғаным
1-079 ЖМ тобының студенті