Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
№2 ішкі аурулар кафедрасындағы өлеңдер конкурсы

№2 ішкі аурулар кафедрасындағы өлеңдер конкурсы

03 Желтоқсан 2014

Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша №2 ішкі аурулар кафедрасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай студенттер мен интенрдер арасында ұйымдастырылған өлеңдер сайысының салтанатты мараппатталуы өтті. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша қазақ және орыс тілдерінде білім алатын 6 сайыскер қатысты. Атап өтетіні, барлық өлеңдер  үлкен көлемді, бай мазмұнды болды және авторларымен оқылды. Дауыс  беру бойынша 3-орынды 6-курс студенті Любовь Сиськова 12,7 % бен иемденді, 2 орынды 14,5 % - бен 7-курстың интерні Гүлнара Сыдықова иемденді, 41,8% ұпай жинап ең үздік шығарманың авторы 4-курс қазақ тілінде оқитын Арайлым Қалдыбекова атанды. Белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен 7-курс интерні Денис Кузнецов, 6-курс интерні Юлия Пан, 4-курс студенті Шапағат Көпжасар марапатталды. Барлық қатысушылар мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды және естелікке суретке түсті.

  Елбасына арнау

Нұрын шашқан халқына Нұр ағамыз,

Парасат, ақылына қуанамыз.

Тыныштық бесігін ұстап тұрған,

Әр басқан қадамынан нұр аламыз.

Еңбегі көп, сарқылмайтын дария,

Бақыт сыйлап келеді әз халқына.

Болашақтың айқындаған бағдарын,

Елім үшін Елбасымыз-нар тұлға.

Көтерген ел-жұртының аманатын,

Ісіңмен бар әлемге аңыз атың.

Еңселі Елорданы тіктей бергің,

Дән риза Өзіңізге туған халқың.

***

Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұр ағаңның бастауы.

Туды ұстап, тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп.

«Елім, Жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасадың-ау кісілік.

Арайлым Қалдыбекова


0
18577

пікірлер

пікір қалдыру үшін.