Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жедел медициналық көмектің өзекті мәселелері

Жедел медициналық көмектің өзекті мәселелері

04 Желтоқсан 2014

Карағанды облысы жедел медициналық көмек көрсету  станциясының  60 жыл мерейтойына байланысты 25-28-Қараша  аралығында №1 жедел және шұғыл медициналық  көмек көрсету кафедрасы "Жедел медициналық көмектің өзекті мәселелері " тақырыбы жөнінде мастер-класс өткізді.

Мастер-кластың өткізу мақсаты - диагностикалық инновационды методикамен науқастарға ауруханаға жатқызғанға дейінгі жедел көмек көрсету әдісі.

Оқытуды  бастамас бұрын, қойылған мақсаттар, оның ішінде қазіргі кездегі этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы және жедел жәрдем дәрігерлерінің жиі кездесетін ургентті жағдайлар кезіндегі шұғыл көмек көрсетуі, сонымен қоса тыңдаушыларға негізгі шұғыл көмек көрсету шараларын оқыту мастер-класс  соңында соң өз мақсатына жетті. 

Жұмыс интерактивті оқу әдісімен жүргізілді. ҚММУ тәжірибиелік орталықта  тыңдаушыларға жоғарғы технологиялық манекен Sim Men, обструктивті синдромды басу, ларингоспазм, жүректік-өкпелік  реанимация, ЭКГ түсіру әдісі, арқылы тәжірибиелік дағдыларын шынайы түрде нығайтты.

Мастер - кластың соңында тыңдаушылар шұғыл жағдайларда инновациалық диагностикалық әдістерімен және ауруханаға дейінгі кезеңдегі шұғыл көмек көрсету шаралар ұстанымен танысты.

Мастер-класс соңында сертификаттар берілді, қатысушыларға А.Р. Алпысованың "Неотложные состояния в практике врача скорой помощи" оқу-әдістемелік нұсқауы таратылды

Оқытушылар Қарағанды Облыстық жедел жәрдем станциасының мерейтойына арналған мерекелік концертке шақырылды.


0
18853

пікірлер

пікір қалдыру үшін.