Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жастар – болашағымыздың тірегі»

«Жастар – болашағымыздың тірегі»

23 Желтоқсан 2014

2014 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды облысының ҚХА, сараптамалық топ партиялық куратор облыстық маслихат депутаты Р.С. Досмағамбетованың, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің бастамасы бойынша біздің жоғары оқу орнының қабырғасында «Жастар – болашағымыздың тірегі» - студенттік ғылыми-практикалық жооаралық конференция өтті.

Конференция барысында Қарағанды обылысының Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің, Қарағанды «Болашақ» университетінің, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетінің, Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының студенттері қатысты.

Конференция пленарлық отырыстан басталды, онда ҚММУ студенттік өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Рахметов және интернатура факультетінің СӨБК ғылыми секторының төрағасы Кубаев Алик Борисович баяндамасын оқыды.

Планарлық отырыс аяқталғаннан кейін

1.  Әлеуметтік-саяси құқық кеңістіктегі заманауи студент

2.  «Қазақстан-2050 стратегиясы» Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

3.  Ұлы мақсаттар – халқымыздың игілігі үшін

4.  ХХІ ғасырдағы Қазақстан жастары

5.  Салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кілті бағыттары бойынша секциялық отырыстар басталды.

Конференция аясында «Руханилықтың рөлі ұлтаралық келісім мен ұлт бірлігін, болашақ мамандардың кәсібилігін нығайтудың факторы» тақырыбына студенттер лигасының пікірсайысы, сондай-ақ «Құқықтық мәдениетті арттыру және жастарда негіз қалаушы мемлекеттік құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Сессия жұмысы қызықты пікірталастармен ерекшеленді, қатысушылар өздерінің пайымдауларын айтты, «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы жастардың рөлі талқыланды.

Конференция қатысушылары жастарды мемлекетіміздің Басшысы өзінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында алдыға тартқан идеяларды жүзеге асыруға белсене ат салысуға, бастамшыл болуға, өзіне және , ең алдымен өз елі мен өз халқына пайда әкеле отырып, өз қабілеттерін дамытуға шақырды.


0
18671

пікірлер

пікір қалдыру үшін.