Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Вальс ырғағында

Вальс ырғағында

24 Желтоқсан 2014

  Н.Әбдіров атындағы спорткомбинатта, студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі «Вальс ырғағында» салтанатты бал-байқауын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің көркем өнер қабілеттерін дамыту,эстетикалық талғамын қалыптастыру, сонымен қатар жаңа таланттарды айқындау. 

  Байқау бағдарламасында университет және колледждің әртүрлі курс студенттері қатысты. Байқау барысында қатысушылар өз өнерлерін, эрудициясын, жарқындықтарын, сөйлеу мәдениеттерін және көптеген басқа да қабілеттерін көрсетті.

Көрермендер көп түрлі және есте қаларлық ойынды тамашалады. Байқау қорытындысы бойынша білікті әділ-қазы алқасы, оның құрамында: Газалиева Меруерт Арыстановна (иммунология және аллергология кафедрасының жетекшісі), Матаева Акмарал Шагизатовна (медицина колледжінің стоматология пәндерінің аға оқытушысы), Мустафина Толганай Вагизовна (Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының аға оқытушысы), Кофанов Иван Васильевич (тұтынушылық жұмыс департаментінің метрологы) және Мамбетов Әділ Айтжанович (медицина колледжінің қызметкері) қорытынды шығарып, соңғы шешім қабылдады.

3 орын – Қонбай Ерәділ (1-009 ЖМ) және Шынай Мәншүк (1-008 ЖМ);

2 орын – Досжанов  Темірлан (1-004Стом) жәнеӘбенова Әдел (1-063 ЖМ);

1 орынжәне «Вальс патшасы мен патшайымы» титулын 1-001 ЖМ тобының студенттері Райхан Оразхан жәнеӨтебаева Айым жеңіп алды.

  Іс-шараның ұйымдастырушылары бал-байқауы аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға арнап дискотека ұйымдастырды. Дискотека барысында студенттер ең үздік бишілер арасында баттл ұйымдастырды.

Әйгерім Байнияз


0
19353

пікірлер

пікір қалдыру үшін.