Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қарттың жолын жеңілдет, аз да болса көмектес, қарттықтың не екенін, қартаймаған түсінбес»

«Қарттың жолын жеңілдет, аз да болса көмектес, қарттықтың не екенін, қартаймаған түсінбес»

02 Ақпан 2015

№1 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ассистенттері мен интерндері тәрбиелік және оқу жұмыстарын жүргізу аясында 2014-жылы Пришахтинскте орналасқан ММ «Қарттар мен мүгедектер үйіне» жетекшілік ете бастады. Қамқорлыққа алынған адамдарға айына бірнеше рет кездесулер мен клиникалық тексерулер жүргізіледі. Қарт адамдармен бұндай әңгімелесулер өткізу интерндердің кәсіби дағдыларын дамытып қана қоймай, сонымен қатар  қайырымдылық, ілтипаттылық, қайғыру сияқты дәрігерге тән жеке қасиеттердің қалыптасуына негіз болған.

Қарттар мен мүгедектер үйінде тұратындардың тарапынан біз сенімділік пен үлкен жайдарлылықты байқадық. 

Алға қойған тапсырмалардың бірі жетекшілік ететіндердің өз денсаулықтарын және өткеріп жатқан ауруларының емдеу әдістері туралы білімдерін жоғарылату болды. Сол үшін «Жүрек ауырған кезде» тақырыбында таныстырылым дайындалды және өткізілді. Осыдан кейін осы тақырыпқа белсенді талқылау өтті, сұрақтардың жауабы залда отырған қарт адамдарда өте көп болды.  

Сонымен қатар, жаңа жылдық мереке қарсаңында №1 ЖДТ кафедрасының ассистенттері және студенттерімен қарттар мен мүгедектер үйінде тұратындарға мерекелік концерт ұйымдастырылды, сыйлық берілді. Біз қамқорлыққа алынған адамдардың бұлыңғыр күндерін гүлдендіруге және өздерінің қайғылары мен жалғыздықтарын аз уақытқа ұмыттыруға қол жеткіздік.

№1 ЖДТ кафедрасының оқытушылары жалпы медицина факультетінің 5-058 тобының студенттеріне: Акпаров Султанбек, Головастая Надежда, Касимов Руслан, Купцов Сергей, Кемпиров Мейрам, Мычко Артем және Турсунов Танзиляны олардың игі ниеттеріне, концерттік бағдарламаны дайындауға белсене ат салысқандары үшін және Қарттар мен мүгедектер үйінде қайырымдылық шараларын өткізгендері үшін алғыс білдіреді.

  Бұдан былай кафедраның қызметкерлері мен интерндері осы бағытта тәлімгерлік жұмыстарын жалғастыруды жоспарлауда. 2015ж. ақпан айында «Артериалдық қысымның жоғарылауы немен қауіпті және онымен қалай күресу қажет» тақырыбында таныстырылым және кезекті кездесу болады.

№1 ЖДТ кафедрасының ассистенті  Полякова Елена Олеговна


0
18163

пікірлер

пікір қалдыру үшін.