Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Әнұран күні!

Қазақстан Республикасының Әнұран күні!

09 Ақпан 2015

Патриотизм – бұл адамның мемлекет өмірін жақсартуға тартылған әрекеттерге қозғау салатын Отанына деген іскер сүйіспеншілік.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің әкімшілігі жоо қабырғасында мемлекеттік әнұранды міндетті түрде айтылуы туралы студенттердің бастамасын қолдады.

"Бұрын бұндай шаралар негізінде тек салтанатты шаралар кезінде өткізілетін. Енді жоо-да әрбір дүйсенбі мемлекет әнұраның айтылудан басталатын болады. Бұл студенттердің Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелейді", - деп айтты студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлім басшы орынбасары Ф.А.Батиров.

  Дүйсенбі, 9 ақпан күні ҚММУ бас корпусының холында Т.Д.Поверникованынң жетекшілігімен хор ұжымы салтанатты түрде мемлекеттік әнұранды айтты. Мемлекеттік әнұранды дұрыс тыңдау нормалары сақталды, оған сәйкес қатысушылар орындарынан тұрып, оң қолдарын сол жақ кеудеге қойды.

  Әнұран – мемлекеттің негізгі рәміздерінің бірі. Әнұранның азаматтардың патриотизм сезімін және өз Отанына деген сүйіспеншілігн тәрбиелеуде маңызы зор. Патриот болу – әрбір азаматтың міндеті. Азаматтардың өз мемлекетіне деген сүйіспеншілік және құрметі мемлекеттің келешектік даму жолында ажыратылмайтын сатысы!

Нұрлыайым Байназар

4-013 ЖМ тобының студенті


0
18326

пікірлер

пікір қалдыру үшін.