Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Литваға академиялық ұтқырлық бойынша сапар

Литваға академиялық ұтқырлық бойынша сапар

10 Ақпан 2015

Біздің ЖОО студенттерге шетел университеттерінде көптеген бағдарламалар бойынша оқуға мүмкіндік береді. Сондай студентердің бірі «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс 4-089 тобының студенті Серикжанов Мансур. Ол академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Литвадағы Вильнюс қаласына барып келді. Литвада Мансурды жылы қарсы алды. Оқытушылар құрамы негізінен профессорлардан құралды. Бүкіл оқу мерзімі ішінде ол 40-тан астам әр түрлі операцияларға қатысып үлгерді. Операциялық бөлімдері заманауи техникамен жабдықталған және операцияларды профессорлармен қатар резиденттер де жасайды.Мансурмен бірге топта Грузиядан, Украинаның 5-6 курс студенттері оқыды.


Барлық оқу процесі кезінде студенттер манекендерде манипуляция жасап, әртүрлі елдердің техникасын салыстырды. Аурулардың диагностикасының негіздері біздің мемлекетіккімен ұқсайды, бірақ маңызды орынға ие болатын климаттық және этникалық сұрақтармен байланысты айырмашылықтар байқалады. Мансур, сонымен қатар, «The Present and Future of Fetal Surgery» атты халықаралық конференцияға да қатысты. Конференцияға онлайн мастер – кластарды жүргізген еуропалық мемлекеттердің бас мамандары  қатысты.

Литва – мәдени және рухани түрлілігімен қабаттасқан бай тарихы бар мемлекет. Вильнюсты аралаған кезде әрбір көшенің өз тарихи құндылығының бар екенін байқауға болады. Кафедралдық алаңда архитектураның ортағасырлық ескерткіштерімен бірге заманауи еуропалық ғимараттардың үйлесімін көруге болады.

«Менің шетелде білімдердің жаңа жүгін алуға мүмкіндік берген Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің әкімшілігіне алғысым шексіз. Сонымен қатар, Вильнюс Университетінің оқытушыларына олардың маған берген білімдері мен клиникалық тәжірибесіне ризашылығым көп», - Серикжанов Мансур.

Сулейменов Мадияр

Жалпы медицина және стоматология факультетінің

4 - курс  СӨӨБК ақпараттық секторы


0
18209

пікірлер

пікір қалдыру үшін.