Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Маусымашар – 2015.

Маусымашар – 2015.

10 Ақпан 2015

26 – қаңтардан 2 - ақпан аралығында Астана қаласында "Маусымашар-2015" Республикалық фестиваль болып өтті. Маусымашар – бұл Қазақстанның барлық түпкірінен 200 – ден астам команда қатысатын жыл сайынғы КТК. Қаңтардың соңында «Қазақстанның КТК одағы» жетекшісі Есен Елеукеннің бастамасымен Астаналық «Жастар Сарайы» шаңырағының астында Республиканың барлық облыстарынан көңілді және тапқыр командаларын жиналу жыл сайынғы дәстүрге айналды. Неше жылдан бері орасан зор шоуға КТК Қарағанды мемлкеттік медицина университетінің «Күлкі терапиясы» командасы қатысып келеді.

Фестиваль барысында барлық командалар екі іріктеу кезеңінен тұратын конкурстың іріктеуінен өтті, қорытындысында қатысуышларды лигаларға бөлді. Үздіктердің үздігі (оның ішінде өз еңбегіне лайықты «Күлкі терапиясы») «Жастар Сарайы» МККМ өткен финалдық гала – концертке қатысуға шақырту алды. Осы іс-шараның ақпаратын жариялауымен «Қазақстан» мемлекеттік телеарна жүзеге асырды, «Күлкі терапиясының» барлық табынушылары жақында біздің командамыздың ойынын телевизиялық эфирден көріп, адал баға берудің жақсы мүмкіндігі бар.

  «Жайдарман» КТК ресми сайты Қазақстандық әйгілі әзілкештерді анықтау мақсатында 2014 - жыл мезгілінің қорытындысын электронды дауыс беру арқылы шығарды. Үлкен жеңіске «Үздік ойыншы - 2014» номинациясына Қарағанды мемлекеттік медицина университеті «Күлкі терапиясы» командасының капитаны Жилқайдаров Самат ие болды.

  Біздің капитанымызды лайықты жеңісімен құттықтаймыз және «Күлкі терапиясы» командасына «Жайдарман» жоғары лигасы республикалық ойындарында сәттілік тілейміз.

 

   Хусанов Н.Н. (4-001 ПМ,Б және Ф)


0
18809

пікірлер

пікір қалдыру үшін.