Ғылыми-зерттеу зертханасы
Ғылыми-зерттеу
зертханасы (бұрынғы ұжымдық пайдалану зертханасы) Қарағанды мемлекеттік
медицина университетінің базасында Қазақстан
Республикасының «Саламатты Қазақстан»денсаулық сақтау
дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында және Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 9 шілде №464 «Заманауи ғылыми
зертханаларды құру (ұжымдық пайдалану орталықтары)» бұйрығына сәйкес
құрылды.
Зертхананың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Солтүстік-Батыс аймақтарының ҒЗИ/ҒО және медициналық ЖОО-лардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ғылыми жетілдіру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады
Зертхана жоғарғы оқу орындары, отандық және шетел ғылыми ұйымдарының ғалымдарымен ғылыми зерттеулерді іске асыруға көмек көрсетеді.
Зертхана үшін келесі міндеттер басым болып табылады:
1) ғылыми және технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды, оның ішінде, іргелі және қолданбалы жобаларды жүзеге асыруға ықпал ету, ғылыми бағыттардың тиісті саласында магистрлік, докторлық диссертациялық жұмыстарды дайындауға ықпал ету;
2) жаңа білім мен технологияларды тарату;
3) ҒЗТКЖ-ға студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдарды тарту;
4) отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
5) жоғары технологиялар секторына инвестициялар тарту мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау;
6) мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдерін дамытуға ықпал ету;
7) ғылыми және ғылыми-техникалық сипаттағы тапсырмаларды шешу үшін құралдар мен құрылғыларды тиімді пайдалану;
8) халықаралық ғылыми-техникалық қызметке қатысу.
ҒЗЗ жобалары:
ҒЗЗ ҰПЗ зертханалық компонентпен университеттің барлық гранттық және бастамашыл жобаларына қатысады, ҚР жетекші ұйымдарымен ( Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы, "Фитохимия", " ЖМ Астана ұлттық зертханасы ") шарттар бойынша жұмыс істейді.
ҒЗЗ-ның жетекші рөлімен жобалар
ҒТП «COVID-19: коронавирустық инфекцияны қоса алғанда, жаңа респираторлық инфекциялардың таралуына ден қою жүйесінің ғылыми-технологиялық негіздемесі»
ҒТП «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті “2018-2020 Бірқатар маңызды ауруларды басқарудағы дараландырылған тәсіл''»
"MALDI-MS және машиналық оқыту әдістері арқылы мұрын жағындыларында SARS-CoV-2 анықтау". Ғылыми жетекшісі–PhD Кадырова И.А. (2021-2023 жж.)
Бастамашыл жобалар
"Safety and Immunogenicity of Sputnik V COVID-19 Vaccine in Adults in Kazakhstan" тіркелгенClinicalTrials.gov ID: NCT04871841
Эпидемиологиялық зерттеу «Диск-диффузиялық әдіспен Enterobacterales және Pseudomonas aeruginosa клиникалық изоляттарының цефтазидим/авибактамға сезімталдығын бағалау"
Зертхана құрамында бірқатар профилдік бөлімшелер бар: микробиологиялық, иммунологиялық, хроматографиялық, ПТР-диагностика және сиквенс, жуу-зарарсыздандыру бөлімшесі.
Зертханада сынама дайындау және пайдаға асыру шараларымен зерттеудің толық циклын іске асыратын қажетті инфрақұрылым бар
ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ ҮШІН АҚПАРАТ
Зертхананың негізгі жабдықтары.
Зертхананың қызметкерлерінің негізгі жарияланымдары
Кадрлар құрамы
Лавриненко Алёна Владимировна, Лабораторияның меңгерушісінің м.а.
Кадырова Ирина Адильевна – аға ғылыми қызметкер,PhD
Беляев Илья Андреевич, ғылыми қызметкер, PhD
Марченко Александр Борисович, ғылыми қызметкер, PhD
Алмазова Майза Умаровна, ғылыми қызметкер
Авдиенко Ольга Вячеславовна, кіші ғылыми қызметкер
Контактная информация:
Лабораторияның меңгерушісінің м.а., Лавриненко Алёна Владимировна
Адрес: ул.Гоголя, 40, кабинет 139
Телефон 8(7212)51-38-97 вн.1203
e-mail:lavrinenko@qmu.kz