Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
FameLab Қазақстан ғылыми коммуникация конкурсы.

FameLab Қазақстан ғылыми коммуникация конкурсы.

13 Қазан 2015

§  Құрметті зерттеушілер мен мүдделі тұлғалар,

Cіз Қазақстанның жаңағылымының мүшесі болып,Ұлыбританияда өтетін халықаралық ғылыми коммуникация конкурсына қатысқыңыз келеді ме?

Онда сіздерге керемет мүмкіндік - British Council Қазақстан мен «ТДЖҰА» АҚ-ның жаңа ғылыми коммуникация саласындағы «FameLab Қазақстан» атты конкурсына қатысуға шақырамыз.

FameLab дегеніміз – халықаралық мәресі Ұлыбританиядағы Челтнэм қаласында өтетін  әлемдегі ғылыми коммуникация саласындағы ең ірі конкурстардың бірі. Конкурстың басты мақсаты - ғылым мен жалпы қоғам арасындағы байланысты нәтижелі сатыға көтеру.

§  Конкурстың мәні:

Қатысушылардың ғылыми жұмысының немесе зерттеуінің концепциясын ағылшын тілінде үш минуттың ішінде айтып беру. Конкурсқа 18 - 40 жас аралығындағы технологиялар, инжинерия, медицина, биология, химия, физика және математика салаларында білім алып жатқан, жұмыс істеп жатқан немесе зерттеулер жасап жатқан Қазақстанның азаматтары қатыса алады. Өтінімдер жекеменшік және мемлекеттік секторлар қызметкерлерінен қабылданады.

§  Конкурсқа қатысу шарттары:

Іріктеу айналымына қатысу үшін 3 минуттан аспайтын қысқаша бейнематериал дайындап, оны бейнехостингтердің біріне (YouTube, Vimeo) жүктеп, сол бейнематериалдың сілтемесін іріктеу айналымының онлайн-өтінімінде көрсету керек.

Іріктеу айналымының нәтижесі бойынша 2015 жылдың 12 қарашасында Астанада өтетін Ұлттық финалға ең үздік 10 қатысушы таңдалады.

§  Ұлыбританияға сапар:

Ұлттық финалдың жеңімпазы Ұлыбританиядағы Челтнэм қаласында өтетін халықаралық FameLab конкурсына қатысады.

Ұлттық финалда екінші және үшінші орынға ие болған қатысушылары жеңімпазбен бірге оған қолдау көрсетуге Челтнэмге аттанады. Сонымен қатар, ұлттық конкурстың жүлдегері, екінші және үшінші орынға иеленген қатысушыларға қаржылай сыйақы беріледі.

Конкурс жайлы толығырақ ақпаратты мына парақшадан ала аласыз: http://www.britishcouncil.kz/ru/famelab

Сұрақтарыңызды мына электронды поштаға жібере аласыз: famelab@kz.britishcouncil.org


0
13575

пікірлер

пікір қалдыру үшін.