Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

03 Ақпан 2022

Университет бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жіті көңіл бөледі, бұл жас мамандарды бөлуді жеңілдету жүйесінің үнемі жетілдіріп, дамып келе жатқанынан және жыл сайын дәрігерлердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызынан көрінеді.

Жас мамандарды бөлу процесін ұйымдастыру кезінде университет келесі құқықтық базаны басшылыққа алады:

·  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы заңы»https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319;

·  Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен бекітілген жас мамандарды жұмысқа жіберу ережесі https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1200000390/history.

Қазақстан Республикасының бітірушілерді жұмысқа орналастыру саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мыналар міндетті жұмысқа орналасуға жатады:

·  «Серпін-2050 жобасы бойынша оқитын азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін облыста оқу орны бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті;

·  Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылданған азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл ауылдық жерде орналасқан Қазақстан Республикасының меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істеуге міндетті;

·  Медициналық мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде (бакалавр, магистратура) оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары меншік нысанына қарамастан ауылдық және қалалық жерде орналасқан Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті;

·  Мемелекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түскен азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жоғары оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда жұмыс істеуге міндетті;

Жас мамандарды бөлу процесі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады:

·  Электрондық www.enbek.kz еңбек биржасында білім алушылардың жеке кабинеті мен түйіндемесін құру.

·  Медициналық ұйымдардың түлектерінің электронды еңбек биржасы www.enbek.kz сайтында келісім-шарттар жасасу, медициналық ұйымдардан растайтын құжатты алу (сұрау хат, кепілдік хаттар).

·  Түлектердің тиісті оқу орнының (деканат) маманына растайтын құжаттардың түпнұсқасын (сұрау хат, кепілдік хат) ұсынуы.

·  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нысанына сәйкес жас мамандарды бөлу жөніндегі республикалық комиссияның дерекқорына растайтын құжаттар туралы мәліметтерді енгізу.

·  Жас мамандарды бөлу жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы (жиналыс хаттамасы ЖОО –ға жіберіледі).

·  Тиісті оқу орны (деканат) бітірушілерге жұмысқа жолдама беру.

·  «Қаржы орталығы» АҚ базасын университеттің нысанға сәйкес толтыруы және оған түлектердің растайтын құжаттардың түпнұсқаларын беру.

·  Жұмыс/оқу орнынан құжаттарды жинау, тиісті оқу орнына (деканат) қайта бөлуге өтініш беру.

·  Жас мамандарды қайта бөлу жөніндегі республикалық комиссияның отырысы (жиналыс хаттамасы ЖОО-ға жіберіледі)

·  «Қаржы орталығы» АҚ базасын университеттің нысанға сәйкес толтыруы және оған түлектердің растайтын құжаттардың түпнұсқаларын беру.

Толық ақпаратты тиісті оқу орнының (деканат) жұмысқа орналасуға жауапты маманынан алуға болады.

Медицина мектебі


0
1544

пікірлер

пікір қалдыру үшін.