Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мәңгілікке - Мереке

Мәңгілікке - Мереке

21 Мамыр 2015

Ұлы Отан соғысы жыл санап тарих қойнауына бойлап бара жатса да, Совет үкіметі халқының, оның Қарулы күштерінің ерлігі,медицина қызметкерлерінің батылдық күштері мәңгілік есте қалады.

Жүрегімізде мәңгілікке орын алған  бұл мереке жер бетінде тыныштық орнатқан батырлық пен ерліктің,  халқымыздың қажымас қайраттылығының белгісі.

6 мамыр күні  Қарағанды қаласының Облыстық жедел жәрдем станциасында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей тойына арналып мерекелелік концерт өтті. Бұл мерекелік концертке  ҚММУ  №1 жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасы  қатысты.

Кафедра меңгерушісі А.Р. Алпысова соғыс ардагерлеріне және келген қонақтарға  арнап құттықтау сөзін сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Онымен қоса «Жалпы  медицина» мамандығының 5-060 және 5-059 топ студенттері М.Дарибаев, В.Суходубов, Т.Косыбаков, Д.Минеева, Г.Бекжанова, К.Домничева, Д.Токенова, А.Алдибекова, А.Турленова мерекелік концертте белсенділік танытты және жүрек жарды ән би шашуларын арнап, ардагерлердің және қонақтардың көңіл-күй көтерді.

5-060 ЖМ тобының студенті В.Попова концерттік бағдарламаны лебізді сөздерімен бастады. Э.Асадовтың сөзіне жазылған, Ұлы Отан соғысына арналған «Мен сені мәңгі күтемін» атты әнін гитарамен Д.Минеева, Г.Бекжанова және К.Домничева айтты,

«Сарбаздар» атты әнді ЖМ 5-016 және 5-018 топтарының студенттері У.Ендибаева, С.Амирбекова, Ж.Молдашев, Н.Куанов,Б.Усманов, А.Оспан тамаша орындап, соғыс ардагерлеріне күш-қуат, керемет көңіл-күй сыйлады.

Қатысушылар мерекенің соңында әдемі вальста айнала билеп, ерлік пен батырлықтың белгісіне айналған, 1945 жылғы Ұлы Жеңісті  еске алды. 

А.Р. Алпысова,

№1 жедел және кідіріссіз медициналық көмек

кафедра меңгерушісі

В.Н. Попова,

5-060 ЖМ студенті


0
17279

пікірлер

пікір қалдыру үшін.