Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Еске алу күні

Еске алу күні

22 Мамыр 2015

Мамырдың әрбір үшінші жексенбісі сайын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы ЖИТС-тен қаза болғандар күнін өткізеді. Бұл күні әлемдегі барлық адамдар осы жаман ауру алып кеткен өздерінің туыстарын, жақындарын және жай ғана таныстарын еске алады. 

15 мамырда жастармен жұмыс жөніндегі бөлім Қазақстан медицина жастары қауымдастығы, «Insight» пікірталас клубымен СӨӨБК ғылыми секторымен бірлесе ҚММУ бас корпусының холлында «Еске алу күні» акциясын өткізді. 

Акцияның мақсаты – әлемде АИТВ/ЖИТС аурушылардың арту мәселесіне және АИТВ-жұқпалы аурумен аурушыларды әлеуметтік қорғауға студенттік жастардың назарын аудару.

Еске алу күні қаза болғандарды еске алуға арналған квилттерді – естелік маталар, матадағы кесінді суреттерді тігу дәстүрі бар. Акцияда ҚММУ барлық факультет студенттерінің тілектері және қолтаңбалары бар, өз қолдарымен жасалған квилттерден тігілген «Естелік мата» ілінді. Сонымен қатар, ниет білдірген бөгде адам да біреудің қазасына бейжай еместігін білдіріп символикалық «Естелік ағашқа» қызыл лентаны байлай алды. «Қызыл лента» - бұл ауруға қарсы қозғалыстың белгісі.

«Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМҚК өкілдері ҚММУ студенттері арасында сыйлықтармен еліктіргіш тақырыптық викторинаны өткізді.

Игорь Фисенко

«Insight» пікір-талас клубының жетекшісі


0
17172

пікірлер

пікір қалдыру үшін.