Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні.

ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні.

22 Мамыр 2015

  Осы жылы 17 мамыр 2015 жылы яғни мамырдың үшінші жексенбісі бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні өтеді. Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында осы күнге байланысты 15 мамыр 2015 жылы «АИТВ-инфекциясы және қазіргі заман» семинар өткізілді. 4, 6, 7 - курс студенттері, 2-075, 2-076 тобының Жалпы медицина мамандығының шақырылған екінші курс студенттері, Стоматология мамандығының 3 - курс студенттері, резиденттері, Облыстық жұқпалы аурухананың қызметкерлері Семинарға қатысты.

  Шараның негізгі мақсаты - эпидемия алып кеткен адамдарды еске алу, қоғамға ақпарат беру және мобилизациялау, қайғы әрбір адамға байланысты болуы туралы ойлану керек. Қазіргі уақытта АИТВ-инфекциясының эпидемиясы өмірге, мемлекеттер тұрғындарының денсаулығына, соның ішінде Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік жағдайына қауіп төндіреді.

  Дәріс залында Л. Бетховеннің лирикалық шығармасының ырғағы дүниежүзілік мәселемен жүздестірді. Стоматология мамандығы 3-002, 3-004 топ студенттері дайындаған плакаттар қабырғаға ілініп, ақ халаттарына алқызыл лента таққан семинарға қатысушы оқытушылар мен студенттердің қолдарында жағылған шырақпен залдың келбетін келтіріп,салтанатты сабырлы көңіл-күйде болды.

 

АИТВ-инфекциясының тарихын ЖМ 4-077 тобының студенті Чиналиев Тимур еске салды. «АИТВ жануарлардан шықты ма?», «АИТВ Африкадан келді ме?», «АИТВ осы шақта одан әрі қауіпті болды ма?» деген сұрақтарымен тыңдармандарды қызықтырды және оның материалды еркін түрде баяндауы сүйіспеншілік тудырды. ЖМ 4-103 топ студенті Кыдыралиева Мадина әлемде және Қазақстанда АИТВ-инфекциясының көп таралуы, негізгі берілу жолдарын және жұқтыру факторлары туралы баяндамасы терең және мазмұнды болды. Африка континентінде АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша Свазиленд және Ботсвана, Африкадан тыс Гаити және Тринидад мен Табаго, Ресей Еуразия континентте, Украина, 9 орында Қазақстан жетекші мемлекеттер арасында екенін мәлімдеді. Аурудың әр түрлі сатыларында АИТВ-инфекциясының клиникалық көрсетілімі туралы түсініктемелерімен ЖМ (ІА) 6-032 топ интерні Джалжанова Гаухар баяндады. АИТВ-инфекциясына зерттеу алгоритмін, анықтау әдістерін білу және түсіну өте маңызды, сондықтан бұл туралы ЖМ 4-091 топ студенті  Просветова Евгенияның баяндауы өзекті болды.

  Кафедра оқытушылары АИТВ-инфекциясы ауруына қатысты ҚР және Қарағанды облысы бойынша жалпы жағдайы туралы мәлімдеді. Қазіргі уақытта ҚР есебі бойынша 25000 науқас, Қарағанды облысында ЖИТС  күресу және алдын алу орталығы мәліметі бойынша 2243 науқас тіркеуде тұр. 1995 жылдан бастап АИТВ/ЖИТС Қарағанды облысында 1770 науқас қайтыс болған. Қайғылы статистика мәліметі бойынша 2015 ж. ақпан айынан бастап 64 науқас, олардың ішінде 11 ЖИТС сатысында қайтыс болған. АИТВ-инфекциясымен ересектер және балалар ауырады. АИТВ-инфекциясымен қазіргі уақытта 34 бала есепте тұр. Ерлер мен әйел адамдар ауырады. Қазіргі уақытта есепте 24 жүкті әйел тіркелген. 2015 ж ақпаннан бастап АИТВ-инфекциясы бар 110 адам анықталды. Таң қалдырған мысал бір науқастың өз ауруын біле тұра 5 қызға жыныстық жолмен жұқтыруы болды.

  Осы еске алу күнінде бүкіл әлемде ЖИТСтен қайтыс болған туыстар, жақындар, таныстар еске алынды. Біздің іс - шара адамдарды алдын алуға, сақтануға, бірінші кезекте студенттердің жұғу қатері туралы және қауіптен аулақ болуға бағытталды. Осы ажалды қауіптен негізгі шара – саналы қауіпсіз тәртіп. Ауру үшін, өзіңді қатерге бір рет душар ету жеткілікті! Бұл туралы ұмытпаңдар, өз денсаулықтарыңды және Кім сіздерге қымбатты адамдардың денсаулығын сақтандар! Өзіңді АИТВ-дан сақта!

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология

кафедрасы ұжымы,жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі А.А.Ким


0
17705

пікірлер

пікір қалдыру үшін.