Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«2015 жылы Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орнының үздік түлегі»

«2015 жылы Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орнының үздік түлегі»

29 Мамыр 2015

 Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде 25-26.05.2015 жылы  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің тапсырмасы бойынша «2015 жылы Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орнының үздік түлегі» атты республикалық конкурсы өтті.

Конкурсқа және Астана, Алматы, Семей, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент қалаларының жоғары медициналық оқу орындарының «Жалпы медицина», «Стоматология» мамандықтары бойынша үздіктер қатысты.

Конкурстың басты мақсаты дәрігердің кәсібінің  абыройының көтермелеу, ғылыми, клиникалық потенциалын ашу, дарынды, шығармашыл түлектерді анықтау болып табылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің  Ережесіне  сай конкурс үш кезеңнен тұрды: тестілеу, практикалық дағдылар бағасы (объективті құрылымдық клиникалық емтихан формасында), медицинаның көкейкесті мәселелерінің бірін жеке жоба ретіндегі таныстырылымы. 

Комиссия төрайымы – ҚР ДСӘДМ бас сарапшысы Сұлтанова Зауреш Балғожақызы. Комиссия мүшелері университеттердің, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының, практикалық денсаулық сақтау өкілдері болды. 

  Конкурсты қортындылай келе, 2015 жылы Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орнының үздік түлегі болып Роговая Анастасия – Астана медицина университетінің түлегі табылды. Екінші орынға Эфендиева Эльнара - Семей мемлекеттік медицина университетінің түлегі және  Кубаев Алик - Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің түлегі иеленді. Үшінші орынды Құрбанова Камила – М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің түлегі, Қуатбаев Дархан  - С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің түлегі, Бертаев Бауыржан Ахмет Ясави атындағы көпсалалы Қазақ Түрік  университетінің түлегі бөлісті. 

Жеңілпаздарға  диплом, медаль, ақшалай сыйлықтар берілді.

  Конкурсқа қатысқан түлектердің барлығы сертификатпен және сыйлықтармен марапатталды.


0
20872

пікірлер

пікір қалдыру үшін.