Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Новосібірдегі практика

Новосібірдегі практика

08 Маусым 2015

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4 мамыр мен 23 мамыр аралығында біз, профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің мейірбике ісі мамандығының 3 - курс студенттері Новосібір (Ресей) қаласында  «Жалпы практикадағы медициналық мейірбике» өндірістік практикасын Новосібір мемлекеттік медицина университетінде өттік.

  Ресейде өткен өндірістік практика бізге өмірге қажетті тәжірибе берді. Новосібір қаласына келуіміздің басты пайдасын біз командада жұмыс істей білу мен тәжірибеде қағидалық біліктіліктерді емделушілерге қолдану барысында көрдік.

  Өндірістік тәжірибе көбінесе қалалық клиникалық ауруханаларда өткеніне қарамастан, педиатрия бөлімінде болуға мүмкіндік алдық. Қалалық №1 балалар ауруханасы – құрылымында инфекциялық, педиатриялық, хирургиялық және т.б. барлық қажетті бөлімдері бар балаларға арналған ірі емдеу мекемелерінің бірі болып табылады.  Мұнда жұмыс өтілі үлкен, жүректері мейірімді білікті дәрігерлер мен мейірбикелер емдеу ісі мен күтім жүргізеді. Жас шамалары кіші емделушілер тобымен жұмыс жасау ең қиын жұмыс және шыдамдылықты, төзімділікті  балалардың алдында ғана емес, олардың ата – аналарының алдында да жоғары жауапкершілікті талап етеді ғой. Новосібір қаласының ең жоғары технологиялық емдік - профилактикалық мекемелерінің бірі болып №2 қалалық клиникалық емхана болып табылады. Айтылмыш емхананың анестезиология мен реанимация бөлімдері жаңа жоғары технологиялық аппараттармен және емделушілердің денсаулығын қолдауға және емдеуге арналған аспаптармен толықтай жабдықталған. Айтылмыш жүйенің болғаны көптеген ауруларды емдеуде қолайлы тыным қамтамасыз етіп, барлық жастағы емделушілердің күйін күндіз-түні аса тиімді бақылау жасауға мүмкіндік береді. Аталған бөлімде біз аз уақыт өткізсек те, зор көлемді білітілік пен емделушілерге мейірбикелік күтім бойынша дағды алдық. Бұл: термометрия, ауыз қуысының санациясы, емдеушілерді тамақтандыру, емдеушілердің дәретханасын жүзеге асыру, іш киім мен төсеніштерін ауыстыру, жүре алмайтын емделушілерді тасу. Сондай – ақ, мейірбикелердің қадағалауымен біз венаішілік, бұлшықетішілік және тері астының инъекциясын қоюды, еркектер мен әйелдердің қуық катетеризациясын, өкпенің аускультациясы мен шу анықтау және демнің мінезін анықтап, ЭКГ түсірдік.

  Гинекология және хирургия бөлімдерінде емделушілерге мейірбикелік күтім мен манипуляциядан басқа, біз бөлімнің құжаттарымен танысып, аурудың тарихымен және түсім мен шығу журналдарымен жұмыс жасадық.

  Басқа елдегі өндірістік практика бұл оқуда ғана зор практика емес, өмірдегі де тәжірибе. Біз әр түрлі емдік мекемелердің әр түрлі жас шамасындағы  медицина қызметкерлерімен  бір топта жұмыс жасап қана қоймай, аурухана бөлімдерінің өміріне араласып, шешім қабылдауға көмектестік. Біз Ресейдегі әріптестермен тәжірибе алмасып қана қоймай, олармен де бөлістік.

  Біз, Мейірбике ісі мамандығының 3 - курс студенттері, өндірістік тәжірибені Ресейде өтуге мүмкіндік бергені үшін ҚММУ – ға алғысымыз шексіз. Бізге университетіміз бен Отанымызды басқа елде таныстыру абыройы түскен студенттердің бірі екенімізді сезіну ұнады.

Айтпаева Анеля

Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің Мейірбике ісі мамандығының 3 - курс 3-004 топ студенті.


0
17252

пікірлер

пікір қалдыру үшін.