Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үздік ғалым-2015

Үздік ғалым-2015

24 Маусым 2015

Өткен жұма 19 маусым күні Астана қаласының Бейбітшілік пен татулық сарайында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігі жыл сайын өткізіп тұратын «Мамандығының үздігі» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы жылғы «Үздік ғалым» номинациясында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің Ғылыми-зерттеу орталығының директорыИлья Сулейманович Азизов жеңімпаз болып танылды.

И. С. Азизов 15 жылдан астам уақыттан бері микроорганизмдердің дәрілік тұрақтылығы, прокариот қышқыл стресінің биохимиялық механизмдері, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды зертханалық тәжірибеде пайдаланудың қолданбалық қырлары саласында мониторингтік зерттеулер жүргізіп келеді. Илья Сулейманович «Медицина и экология» журналының бас редакторының орынбасары болып табылады,  «Лабораторная медицина» журналының редакциялық алқасының құрамына кіреді. И.С. Азизов – Клиникалық микробиология және антимикробтыхимия терапиясы жөніндегі өңіраралық ассоциациясының (МАКМАХ), InternationalSocietyofInfectionDiseases (ISID), EuropeanSocietyofClinicalMicrobiologyandInfectionDiseases, AmericanSocietyofMicrobiology мүшесі.

Илья Сулеймановичті осы тамаша жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Біздің университетіміз бен отандық медицинаны одан әрі дамыту жолындағы еңбегіне толағай табыстар тілей отырып, жаңа да жарқын жеңістерге жете беріңіз дегіміз келеді!

Абыройыңыз арта берсін, құрметті Илья Сулейманович!!!


0
17982

пікірлер

пікір қалдыру үшін.