Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тұрғын үй мәселесі шешілуде, жалақы өседі

Тұрғын үй мәселесі шешілуде, жалақы өседі

09 Қазан 2019

Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртанов Қарағандыға жұмыс сапары аясында Қарағанды медицина университетінің білім алушыларымен және осы жылы жоғары оқу орнын бітірген жас дәрігерлермен кездесті.

Кездесудің форматы әңгіме түрінде құрылды, министр жоғары оқу орнын бітірген жас дәрігерлердің жұмысқа орналасуы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы проблемалары туралы танысу маңызды болды.

Жақында ғана республикамызда «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардың алдында тұрғын үй беру мәселесі өткір проблема болып тұрды. Бүгін ол мәселе Қарағанды облысының аумағында ойдағыдай шешілуде. Қарағанды медицина университетінің ректоры, профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова барлық ауылдық аудандар мен шағын қалаларда сапармен барып қайтты. Сапар барысында жас дәрігерлерге жиһазбен, тұрмыстық техникамен жабдықталған жайлы пәтерлер беріліп, бір реттік көтерме жәрдемақы берілетініне көз жеткізді. Ректор үш жылдық жұмыс істеуге келген жас мамандарды ауылдық жерлерде орталық ауруханалар мен әкімдіктер деңгейінде барынша қолдап, дәрігерлер жағдайдың жасалуына және ауыл мен моноқалаларда ұзақ мерзімге қалуын атап өтті.

Елжан Амантайұлы ауылдық жерде жұмыс істейтін жас дәрігерлерді әлеуметтік қолдау шаралары бұған дейін міндетті сипатқа ие болмағанын, бұл мәселеге мемлекет жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктерін ескере отырып келгенін айтты. Бірақ қазір бұл шартты заңдастыру туралы сөз болып отыр.  Денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасына енгізілді, оның бекітілуін күту қалды.

Тұрғын үй туралы мәселесін Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Шәкірұлы Нұрлыбаев келесі жылы Облыстық балалар клиникалық ауруханасы Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысындағы жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін, 45 ықшам ауданында орналасқан клиниканың ескі ғимараты медицина қызметкерлеріне арналған қызметтік тұрғын үй болып қайта құрылатынын айтты. Онда 106 бөлме бар. Қазіргі уақытта осы нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Денсаулық сақтау саласының өкілдеріне қатысты тұрғын үй мәселесін шешудің тағы бір нұсқасы бар – жақында Қарағанды қаласының әкімдігінде Қазақстандық ипотекалық компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы одақ аясында тұрғын үй құрылысы өрістетіледі, оның ішінде медицина қызметкерлеріне 200 пәтер бөлінеді.

Түлектердің сұрақтары негізінен қайта даярлау мәселесіне қатысты болды, оған министр түсініктеме берді.

Сондай-ақ, Министр мемлекеттік тапсырысты резидентурада бөлу, мемлекет есебінен білім алған медициналық ЖОО түлектерінің үш жылдық жұмыс істеу мәселелеріне тоқталды.

Түлектер үшін резидентурада тегін білім алу үшін мамандықтар тізбесін қалыптастыруда енгізілген жаңа өзгертулер жаңалық болды. Министрлік биылғы жылы республиканың барлық өңірлерінде медициналық кадрлардың қажеттілігіне талдау жүргізді. Ол практикалық денсаулық сақтау саласында қандай мамандықтар тапшы екенін көрсетті. Олар бойынша 2019-2020 оқу жылына резидентурада даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы қалыптастырылды.

Кездесу соңында Елжан Амантайұлы медицина қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын арттыруға ниетті екенін атап өтті. Жас дәрігерлерге ол үнемі өзін-өзі жетілдіруге, кез келген жағдайда өз мамандығына адал болуға тілек білдірді. Министр жас әріптестерін адамдарды емдеу-бұл дәрігерге ерекше ішкі мәртебе беретін артықшылық екенін есте сақтауға шақырды. Ол тек пациентті емдеуге ұмтыла отырып, дөрекілік пен негативтен жоғары болуға міндеттейді.


0
3255

пікірлер

пікір қалдыру үшін.