Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Стационарды аралап, жұмыс жоспарын талқылады

Стационарды аралап, жұмыс жоспарын талқылады

17 Сәуір 2020

Қарағанды облысындағы  Қытай дәрігерлері делегациясының екінші күні С. Сейфуллин көшесі бойында орналасқан  проф. Мақажанов атындағы аурухана кешенінің корпустарының бірі қайта жабдықталған инфекциялық стационарды тексеруден басталды. Қытайлық әріптестер іске асырылған жобаны мақұлдап, болашақ көп бейінді жұқпалы аурулар госпиталінің жұмысына қатысты нақты кеңестер берді.

Қытай дәрігерлері делегациясының қатысуымен бейнеконференция форматындағы жұмыстар  жалғасын тапты. Қытай дәрігерлерінің қорғау және әлеуметтік қашықтық шараларын сақтай отырып қалыптасқан  модерациясы және көзбе-көз қатысуы  Қарағанды медицина университетінің конференцзалынан жүзеге асырылды. Конференция модераторы, «ҚМУ» КеАҚ клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, профессор Б. Н. Көшерова конференцияны ашып, бүгінгі күні дәрігерлермен онлайн-кездесу тақырыбы туралы хабардар етті, Қытай делегациясының жаңа көп бейінді инфекциялық стационарға сапары туралы қысқаша хабардар етті және ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға құттықтау  сөз берді.

Вице-министр өз сөзінде қытайлық  әріптестерінің Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 күн ішіндегі жұмысын қысқаша қорытындылады. Олармен бірлесіп атқарылған  жұмысты жоғары әрі тиімді деп бағалады. Бұл өте керемет күндер болды,-  деді Л.М. Ақтаева. Медициналық ұйымдарға бару, кездесулер мен он-лайн режиміндегі  оқыту семинарлары 10 мыңнан астам дәрігерлерді, мейірбикелерді, Қазақстан бойынша денсаулық сақтау ұйымдастырушыларын қамтыды. Ағымдағы жағдайды және қытайлық мамандардың ұсынымдарын талқылау нәтижесінде, COVID-19 диагностикасы және емдеу жөніндегі ұлттық  хаттаманың 6-редакциясы қабылданды және бекітілді, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету шаралары бойынша ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына бірқатар нақтылаулар мен толықтырулар енгізілді. ҚХР дәрігерлері делегациясының ұсынымдары негізінде COVID-19 бар пациенттер және провизорлық госпитальдар емделіп жатқан стационарларды аймақтандыру бойынша іс-шаралар мен профилактикалық шаралары күшейтілді, провизорлық функция берілген жаңа көпбейінді ауруханалар анықталды, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің жеке қорғану құралдарына қойылатын талаптар тек инфекциялық қана  емес, сонымен қатар провизорлық стационарларда да күшейтілді.

Қазіргі уақытта  елдегі COVID-19 ауруының көрсеткіші өз шыңына жақындап, 100 мың тұрғынға шаққанда 7 адамды құрайды - деп атап өтті Л. М. Ақтаева.  Осыған байланысты медициналық көмекке жүгінетін әрбір науқас коронавирустық инфекцияның әлеуетті тасымалдаушысы ретінде қарастырылуы тиіс. Сондықтан эпидемияға қарсы режим күшейтілуі қажет.

Л. М. Ақтаева конференция жұмысының  жемісті болуына тілектестік білдірді және оған белсенді қатысты.

Модератор Б. Н. Көшерова онлайн-конференция жұмысына 200-ден астам БМСК бас дәрігерінің қатысатынын хабарлады.


0
2477

пікірлер

пікір қалдыру үшін.