Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қостанайлық әріптестер үшін мастер-класс

Қостанайлық әріптестер үшін мастер-класс

19 Тамыз 2020

Қарағанды медицина университеті COVID-19 пандемиясы кезеңінде Қарағанды облысының ғана емес, сонымен бірге қамқорлыққа алынған аймақтардың практикалық денсаулық сақтауына қажетті көмек көрсетеді.  

ЖОО ұжымы университет ректоры Р.С. Досмағамбетованың,  клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Б.Н.Көшерованың жетекшілігімен, резидентура және кәсіби даму мектебінің деканы В. Б. Ташкенбаеваның, деканның орынбасары А. Г. Бейсенаеваның, мектептің бас маманы Г. К. Рамазанованың қатысуымен Қостанай облысының медицина қызметкерлері үшін коронавирустық инфекция мәселелері бойынша кезекті мастер-класс ұйымдастырды.

Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мастер-класс бағдарламасын дайындады. Оның мақсаты COVID-19 коронавирустық инфекциясына күдік/растау кезінде пациенттермен жұмыс жасау кезінде теориялық негіздер мен практикалық дағдыларды игеру үшін мамандандырылған мамандар арасында құзыреттілік жүйесін қалыптастыру болды.

Мастер-класты оқыту бағдарламасы диагноз қою және емдеуге арналған клиникалық  хаттама негізінде құрастырылды: - «Коронавирусты инфекция COVID-19 (10 шығарылым - медицина қызметкерлері үшін - 2020 жылғы 15 шілдедегі № 107 хаттама).  

Бұл хаттаманы Қарағанды, Алматы және Нұр-Сұлтан медицина  университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамы құрастырды, топ жетекшісі - Б. Н. Көшерова– «ҚМУ» КеАҚ клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры.

Қашықтықтан оқытуға Қостанай облысының 600 медицина қызметкері қатысты. «Стационарлық және бастапқы медициналық-санитарлық көмектің коронавирустық инфекциясы бар науқастарды диагностикалау және емдеу ерекшеліктері» тақырыбында әр түрлі профильдегі дәрігерлер үшін 54 сағат көлемінде мастер-класс өткізілді:

COVID-19 кезіндегі медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мәселелері. Инфекцияның берілу жолдарына негізделген стандартты сақтық шаралары және COVID-19 үшін арнайы ұсыныстарды - м.ғ. к., Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің профессоры - Ф.М. Шайзадина жеткізді.

Covid-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы. Балалардағы Covid-19 диагностикалық критерийлері, педиатриялық мультисистемалық қабыну синдромы (ПМС) туралы мәліметтерді  м. ғ. д., профессор, РЖА академигі, жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының еңбек сіңірген профессоры Р. Х. Бегайдарова жариялады.

Ересек науқастардағы, жүкті әйелдердегі, босанатын және босанған әйелдердегі коронавирустық инфекцияның клиникалық ерекшеліктері мен диагностикасы мәселелерін  м. ғ. к., жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының профессоры А. А. Ким қарастырды.

 КВИ туындаған пневмонияны диагностикалау және емдеу ерекшеліктеріне  м.ғ. д., профессор,  № 3 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Л.К. Ибраева назар аударды.

КВИ асқынуларының клиникалық ағымының ерекшеліктері және олардың қарқынды терапиясын м.ғ. д., профессор, реанимация және анастезиология кафедрасының меңгерушісі Д.В. Васильев жариялады. 

Барлық кезеңдерде медициналық көмек көрсетудің мақсаты:

1.Амбулаториялық-емханалық деңгейде, жедел көмек-аурудың клиникалық көріністерін ерте анықтау және уақтылы сұрыптау, үйде емдеу және айғақтар бойынша емдеуге жатқызу.

2.Стационарлық деңгей - инфекциялық бөлімше-аурудың өршуінің ("цитокиндік дауыл" және асқынулардың дамуының) алдын алу мақсатында емдеудің ерте басталуы (озыңқы сипаты). Коморбидті аурулардың мониторингі.

3.Стационарлық деңгей -ОРИТ-қарқынды терапия, реанимациялық терапия, қолайсыз нәтиженің алдын алу мақсатында ЭКМО, реконвалесценттік плазманы қолдану.

4.Амбулаториялық-емханалық деңгей тиімді респираторлық, психологиялық оңалту және т. б.

Әр адам үшін COVID-19 алдын-алудың негізгі шараларын білу және сақтау маңызды. Ол үшін халыққа адамдар көп жиналатын жерлерден, нашар желдетілетін үй-жайлардан аулақ болу, бетперде киіп, жеке бастың гигиенасын сақтау ұсынылады.

РЖА академигі, м.ғ.д., жұқпалы аурулар  және фтизиатрия кафедрасының профессоры Р.Х.Бегайдарова.


0
2158

пікірлер

пікір қалдыру үшін.