Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Елдің конституциялық негіздерін дамытуға қосқан үлесі үшін

Елдің конституциялық негіздерін дамытуға қосқан үлесі үшін

22 Қыркүйек 2020

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медаліне Стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректор Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетова және Қарағанды медицина университетінің басқарушы директоры Зәкір Зәкәрияұлы Бектұрғанов ие болды.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев бекіткен мемлекеттік награда елдің конституциялық негіздерін қалыптастыру мен дамытуға үлкен үлес қосқан қазақстандықтарға беріледі.

ҚР Конституциясы біздің көпұлтты халқымыздың тарихи және ұлттық дәстүрлерін көрсете отырып, үздік әлемдік тәжірибе мен практика негізінде құрылған. Еліміздің конституциялық дамуының бірегей тұжырымдамасын қалыптастыру Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбегі болып табылады. Еліміздің Негізгі Заңы Елбасының институционалдық реформалары мен саяси бастамаларын қамтиды. Құжат республика азаматтарының негізгі құқықтарын қорғауда тұрып, олардың мүдделеріне қызмет етеді. Негізгі Заң елдің демократиялық дамуының бағдары болып табылады және оны жетілдіру жалғасатын болады.


0
2553

пікірлер

пікір қалдыру үшін.