Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Онлайн тәртіптемесінде тарихи-өлкетану үйірмесінің отырысы

Онлайн тәртіптемесінде тарихи-өлкетану үйірмесінің отырысы

30 Қазан 2020

2020 жылдың 17 қаңтарында ағымдық жылдың Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы үйірмесінің бірінші отырысы болды. Талқыланатын тақырып студенттер және интерндермен қазіргі таңдағы өзекті мәселе таңдалып алынды - Қазақстандағы короновируспен күрес. Конференцияның ұйымдастырушысы әдеттегідей біздің кафедраның тарихи-өлкетану үйірмесінің старостасы – А.Абенова сөз сөйледі. Біз үшін ең маңыздысы, осы қиын аурудан пациенттерді/емделушілерді құтқару бойынша өздерінің ауыр және игі істерімен Астананың жас дәрігерлері – Сабит Ташенов пен Асия Кадралинова (біздің Жалпы медицина факультетінің түлектері) бөлісті.  Өткен жазда біздің тарихи-өлкетану үйірмесінің мүшелері Сабит пен Асия карантин уақытында стационарда жұмыс жасады, ауыр науқастардың қасында кезекшілікте болды, дәрігерлердің барлық ұсыныстарын сақтауға пациенттерді нандырды, қолданыстағы хаттамаларға сәйкес емдеуді тағайындады. 

2-6 курс студенттері, сонымен қатар интерндер, кафедраның меңгерушісінің м.а. С.А.Никифорова біздің барлығымызды толғандыратын көптеген, кейде ашық сұрақтарды қойды. Біздің дәрігерлер барынша ашық жауап берді, олар атап айтқанда, науқастардың сауығуы үшін күрес оларды да өзгерткендігін, шыдамдылыққа үйреткендігін, өздеріне сенімділіктерін сезінуге көмектескендігін, қоғамға және адамдарға өздерінің қажетті екендерін сезінгендерін айтты, ал ол аса қымбат тұрады!  Отырысқа қатыса алғандардың барлығы біздің түлектерге өздерінің жұмыстары туралы қызықты және мазмұнды әңгімелері үшін алғыс айтты. 

А.Б. Долгополов, кафедраның тарихи-өлкетану үйірмесінің жетекшісі


0
1908

пікірлер

пікір қалдыру үшін.