Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Маусымдық тұмаудың алдын алу шараларын жүзеге асыру

Маусымдық тұмаудың алдын алу шараларын жүзеге асыру

12 Қараша 2020

«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының студенттері тұмаудың алдын алу шараларына белсенді қатысты.

Қарағанды қаласындағы БМСК көмек орталығы мен №3 емхананың клиникалық базаларында интерндер тұрғындарды тұмауға қарсы вакцинацияға тартуға бағытталған санитарлық-ағарту және мотивациялық жұмыстар жүргізді.

Маусымдық тұмауға қарсы екпемен қамтуды ұлғайту - біздің аймақтағы тұмауға ауыртпалықты төмендетудің негізгі стратегиясы. Иммундау бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында медицина мектебінің интерндері келесі жұмыстарды жүргізді:

·  ақпараттық парақшалар тарата отырып, тұмау вирусының алдын алу бойынша әңгімелер өткізді;

·  осы процедураның маңыздылығын түсіндіре отырып,  емханада тіркелген халықты екпе жасауға шақырды;

·  тұрғындар тарапынан туындаған барлық ұйымдастырушылық сұрақтарға жауап берді (екпе өндірісі, балалардың алдын-алу үшін ең төменгі жас мөлшері, екпенің болуы, енгізу жолы);

·  екпеге жарамды адамдарға тұмаудың профилактикасы туралы хабарлап, үй аралады.

Осылайша, медицина мектебінің интерндері тұмауға қарсы маусымдық екпе бағдарламасын кеңейтуге қатысып, ерекше көңіл бөлді (екпемен қамтуда  жүкті әйелдерге, 6 айдан асқан балалар және белгілі бір созылмалы аурулары бар ересектер, қарт адамдарға).


0
1558

пікірлер

пікір қалдыру үшін.