Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қазгеология» қызметкерлерін жедел көмек көрсету дағдыларына оқыту

«Қазгеология» қызметкерлерін жедел көмек көрсету дағдыларына оқыту

15 Қараша 2020

2020 жылдың 9 қарашасында «ҚазГеология» ҰҒК» АҚ қызметкерлері  «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығында төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің базалық  дағдылары бойынша оқытудан өтті. Орталық жаттықтырушысы Тимахович Марина Владимировна оқыту семинарын практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін қауіпсіз және сенімді білім беру ортасында, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің талаптарына және алғашқы медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін симуляциялық технологияларды, манекендер мен тренажерларды қолдана отырып өткізді.

Курсқа ауыр жағдайда зардап шеккендерге жедел көмек көрсету бойынша жаттығулар кіреді. Атап  айтсақ:  жүрек тоқтаған кезде көрсетілетін базалық жүрек-өкпелік реанимациясы, бөгде заттың тыныс алу жолына түскен  кезде көрсетілетін көмек, өндірістегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмі, кәсіпорынға төнген  қауіптің деңгейін ескере отырып,  зардап шеккендерді  сұрыптау негіздері.

Оқыту семинары аяқталғаннан кейін  тыңдаушылар  ризашылықтарын білдіріп, берілген материалдың қол жетімділігі мен циклдің тамаша ұйымдастырылғандығын атап өтті. Тренажерлардағы практикалық жаттығулар оларға  компрессияны орындау барысында (жүректің тікелей емес массажы)  күш-жігерді сезінуге мүмкіндік берді.

«ҚазГеология» ҰҒК» АҚ қызметкерлері Қазақстанның жер қыртысының  жер бетіне және жер астына геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бригадаларда алғашқы жедел көмек көрсету дағдыларына оқытылған адамдардың болуына деген  қажеттілік күннен күнге артуда. Төтенше жағдайлар кез-келген уақытта және кез-келген жерде орын алуы мүмкін, бұл жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету туралы білім жақындарыңыз бен қызметкерлердің өмірін сақтап қалуға көмектеседі,осыған орай көптеген кәсіпорындар қажет уақытта абдырап қалмас үшін және зардап шекккен адамға дер кезінде көмек көрсету үшін кәсіпорын қызметкерлерін алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретуді талап етуде.

СББТО  маманы, Бейсембекова Айгерім


0
1754

пікірлер

пікір қалдыру үшін.