Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні

03 Желтоқсан 2020

1998 жылы ДДҰ алғаш рет 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні деп жариялады. Елімізде жыл сайын 10 қарашадан бастап 10 желтоқсан  аралығында  Бүкіләлемдік  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының ал­дын алу шаралары өтеді. Меди­ци­налық мекемелерде ашық есік күндері өт­кізіліп, эпидемиолог, психолог, нарколог, венеролог мамандар кеңес береді.

Ішкі аурулар кафедрасының ассистент профессоры Абуова Газиза Темиралиевнаның жетекшілігімен «Мен АИТВ профилактикасын қолдаймын!» тақырыбында Қарағанды Облыстық ЖИТС-тың алдын-алу және күресі жөніндегі орталығында, осы мекеменің эпидемиолог дәрігерлерімен, Жалпы медицина мектебінің 4-035 топ студенттері арасында іс-шара өткізілді.

Инфекцияның ал­дын алу, диагностикалау және емдеу мем­лекеттік саясаттың АИТВ/ЖИТС мәселе­лері жөніндегі басты бағыттарының бірі. Елімізде індетті тиімді бақылау үшін және тұрғындардың денсау­лығына қауіп төндіруші ретінде АИТВ-инфекциясының өсу қарқынын айтарлықтай төмендетуде осындай шараларды өткізудің қажеттілігі зор,- дейді орталықтың эпидемиолог дәрігері Манен Арай Аскаровна.  

Студенттермен дөңгелек үстел басында аурудың берілу жолдары, механизмдері, алдын алу шаралары, статистикалық мәліметтер және адамдар арасында ақпараттық насихат жұмыстрының жүргізілуі маңызды екені жайында қызу талқыланды.

Дегенмен, ЖИТС айықпас дерт, алайда аурудан қорғануға болады, алдын алу ретінде жылына бір рет АИТВ-ға тест тапсыруды әдетке айналдырған жөн. Оның үстіне, қазақстандықтар тексерудің бұл түрінен тұрғылықты емханасы арқылы тегін өтеді, - деп сөзін аяқтады эпидемиология бөлімінің қызметкері Тусипова Мөлдір Маратқызы.  

Кездесу барысында студенттер әртүрлі сұрақтар қойып қанағаттанарлықтай жауаптар алды және әртүрлі кітапшалар мен бетперделер таратылды. 


0
1762

пікірлер

пікір қалдыру үшін.