Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Онлайн режимдегі PBL

Онлайн режимдегі PBL

15 Желтоқсан 2020

Жалпы, «студент» сөзі - «бір нарсеге қызығушы, бір нарсеге ұмтылушы» деген мағынаны білдіреді. Ал, біз бүгінгі постымызда ізденісті, қызығушылықты талап ететін әдістердің біріне тоқталмақпыз. Ол  мәселеге бағытталған оқыту әдісі – PBL әдісі.

  Біз күнделікті семинар сабақтарда осы әдіс арқылы тақырыпқа сәйкес әр түрлі патологиялармен танысамыз. Сабақ барысында анатомия, физиология, гистология, биохимия секілді пәндерден алған білімдерімізді пайдалана отырып, науқастың ауру кезінде мәселелерін тудыратын механизмдерін түсіну – осы әдістің мақсаты болып табылады. Мәселеге бағытталған оқыту әдісін қолдану нәтижесінде біз көптеген дағдыларды игердік. Өзіміз қабылдаған шешімдерге жауапкершілікпен қарауды, кейсті шешу барысында өзіндік пікірімізді қосып, болжам - жорамалдар жасауды, жалпы айтқанда сыни тұрғыда ойлау қабілеті мен жеке тұлға ретінде шешім қабылдау қасиеттерін жетілдірдік. Дәрігер мен науқас арасындағы қатынас, науқастан анамнез жинауды, науқастарды емдеу әдістері мен ота жасау жайлы  білдік.  

Сонымен қоса, кейстегі мәселені шешу барысында дәрігердің жіберген қателіктерін байқап, сол арқылы сабақ алдық. Соларға сүйене отырып, болашақ дәрігер ретінде «Тәжірибесіз теория өлі, теориясыз тәжірибе соқыр» екеніне көзіміз жетті.

  Сонымен қоса, осы pbl оқыту әдісі тақырыбын негізге алып, Шапатова Гульмира Букейханқызының жетекшілігімен тобымыздың студенттері Семей медицина университетінде өткен ғылыми жобалар конференциясына қатысып, өздерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік алған болатын.

Қорытындылай келе, медициналық оқу орындарында мәселеге бағытталған оқыту әдісін қолдану өте тиімді шешім екенін айтқымыз келеді. Бұл әдісті медициналық жоғарғы оқу орындарында болашақ дәрігерлерді дайындауда, келешекте медицина саласы мамандарының біліктілігін арттыруға тигізетін әсері көп. Өткен PBL сабақтарынан біз тәжірибе және үлкен әсер ала отырып, 2003 Жалпы медицина тобының атынан оқытушымыз  Гульмира Букейханқызына алғысымызды білдіреміз!

2003 ЖМ топ студенттері Дүйсен Ақниет, Ертуганова Ажар


0
1949

пікірлер

пікір қалдыру үшін.