Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Онлайн-режимдегі академиялық ұтқырлық

Онлайн-режимдегі академиялық ұтқырлық

21 Желтоқсан 2020

ЖОО оқытушыларының академиялық ұтқырлық шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Педиатрия және неонатология кафедрасының профессоры Дюсенова Сандуғаш Болатқызы 2020 жылдың 27 қарашасы мен 03 желтоқсан жұлдызы аралығында Самарқанд медицина институтінде (Өзбекістан) «Педиатрия және медициналық генетика» пәні бойынша,  54 сағат көлемінде онлайн-режимде қашықтықтан сабақ өткізді.

Дәрістер келесі тақырыптарға арналған: Педиатрия пәні, оның стоматологтарды дайындаудағы рөлі; Балалардың физикалық дамуын бақылау; Балаларды дұрыс тамақтандыру; Балаларды емізу (ДДҰ бағдарламасы); Аралас және жасанды тамақтандыру; Тірек-қимыл аппаратының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері (AФЕ); Рахит. Этиология. Патогенезі. Клиникалық белгілері, диагностика, дифференциалды диагностика, емі.

Тәжірибелік сабақтарға арналған тақырыптар: Балалық шақ кезеңдері. Ас қорыту органдарының АФЕ. Тамақтанудың бұзылу синдромы. Тыныс алу жүйесінің AФЕ. Балалардағы бронхит. Пневмония. Қан түзу мүшелерінің АФЕ. Балалардағы жетіспеушілік анемия.

Профессор С.Б.Дюсенова ұлы ғалым және ойшыл Әбу Әли ибн Синаға арналған «Самарқанд-2020» медицина студенттерінің Халықаралық онлайн-олимпиадасында халықаралық қазылар алқасы ретінде қатысты. Педиатрия бөлімінде бірінші кезеңге 90 студент қатысты, оның ішінен екінші кезеңге 30 студент таңдалды. Бұл олимпиадаға келесі медициналық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты: «ҚМУ» КеАҚ, Томск мемлекеттік медицина университеті, ҚазҰМУ, СамМИ, Қарақалпақ медицина университеті және т.б.

  СамМИ профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері профессор С.Б. Дюсенованың жоғары кәсібилігі мен білімінің қол жетімділігін атап өтті. Осыған байланысты институт басшылығы профессор С.Б. Дюсеноваға СамМИ жұмысына белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.


0
1787

пікірлер

пікір қалдыру үшін.