Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медицина Мектебі COVID-19короновирустық инфекциясының алдын алу шараларын қолға алды

Медицина Мектебі COVID-19короновирустық инфекциясының алдын алу шараларын қолға алды

26 Қаңтар 2021

Медицина мектебінің студенттері үшін деканның академиялық жұмыс  жөніндегі орынбасары Е.О. Полякова және м.ғ.к., жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры А.А. Кнаус COVID-19 короновирустық инфекциясының алдын алу және күдікті болған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы түсіндірме әңгімелерін жүргізді.

Қатысушыларға өзін қорғау үшін ең маңызды нәрсе қолыңыз бен бетіңізді таза ұстау, аузыңызға, мұрныңызға немесе көзіңізге жуылмаған қолмен тиюден аулақ болу және кез келген ортада қолыңызды тазарту үшін тазартқыш алып жүру керек екендігі айтылды.

Сондай – ақ отбасы мүшелері немесе тобындағы студенттер вирустық инфекциямен ауырып қалса, жасалатын шаралар туралы ұсыныстар берілді.Студенттеріміздің оқуын сыйлы және қауіпсіз ортада жалғастыруы біз үшін өте маңызды. Сондықтан COVID-19 туралы ғылыми дәлелдерге негізделген сенімді ақпаратпен бөлісу ауруға деген қорқынышты азайтуға және эпидемиядан туындаған қайталама әсерге қарсы тұруға көмектеседі.

 


0
1451

пікірлер

пікір қалдыру үшін.