Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алғысым шексіз Халқыма

Алғысым шексіз Халқыма

01 Наурыз 2021

Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Алғыс айту күні-қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.Бұл- репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілділік,қолда бармен бөлісу,көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.Алғыс айту күні- ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік,өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Яғни тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына мәрттігі мен жомарттығы жарасқан қазақ еліне терең тағзымның белгісі.

Осы мерекеге орай Қарағанды облыстық өлкетану мұражайы арнайы, ,,Ұлы Даланың асқақ рухы,,деп аталған онлайн-кездесу диалогы болды.Аталған тамаша шараға Қарағанды Медицина Университеті, Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры К.Ж.Абдрахманованың ұйымдастыруымен 1-2курс (жалпы медицина,тпф) студенттері де қатысып  тамашалады.

Шараның  саналы жас ұрпақ тәрбиелеуде,білікті, мәдениетті, ізгілікті кадрларды қалыптастыруда маңызы зор екенін жақсы білеміз.Жалпы Университет жастары мен облыстық өлкетану мұражайы арасында тығыз байланыс бар.Өте қуантарлық жағдай. Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші, шығармашылық ынтымағымыз арта берсін. Мереке құтты болсын!


0
1650

пікірлер

пікір қалдыру үшін.